Жол апаты

Алматылық әйел бір уақытта екі көліктің астына түсті - фото

380
(Жаңартылды 08:27 07.06.2019)
Әйелді бірінші көлік қаққан соң, екінші көлік аяғын басып кетті

АЛМАТЫ, 7 маусым — Sputnik. Алматыда екі көлік қағып кеткен әйел ауыр халде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.

Жол апаты Рысқұлбеков көшесі бойында Сүлейменов көшесіне жетпей болған. Hyundai Accent көлігінен шыққан әйелді Mazda қағып кетеді. Қатты соққыдан ол қарама-қарсы қозғалыс жолағына ұшып түсіпті. Сол сәтте келе жатқан Toyota land Сruiser Prado тоқтап үлгермей, әйелдің аяғын басып кеткен.

Мазда сбила женщину на пешеходном переходе
© Sputnik / Стрингер.
Mazda жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті.

Зардап шегуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Екі жыл бұрын алматылық Екатерина Парафиева осыған ұқсас жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған еді. Құдықты басып, дөңгелегі жарылған Honda көлігінен шыққан Екатерина мен құрбысы көмек күтіп тұрады. Сол сәтте қарама-қарсы бағыттан Toyota шыға келеді де, жолаушылар автобусы оны Honda көлігіне қарай бір-ақ ығыстырады. Салдарынан екі қыз көліктердің арасына қысылып қалған. Сол күні Екратеринаның аяғын кесіп тастады. Оның құрбысы қатты зардап шеккен жоқ.

380
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті
Ақтөбеде көлік жуушылар жарысып, апатқа ұшырады
Алматыда такси мен жол талғамайтын көлік жеке үйлердің шарбағын қиратты
Алматыда төрт көлік соқтығысты: әйел мен сәби зардап шеккен
Загрузка...