Иллюстративтегі фото

Қарағандыда бір жасар қыз ваннада тұншығып қалды

190
(Жаңартылды 17:02 07.06.2019)
Полиция істі қылмыстық бап бойынша тергеп жатыр, көз жұмған баланың әкесі бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ, 7 маусым — Sputnik. Қарағандыда әкесі бірнеше минутқа жуыну бөлмесінен шығып кеткен бір жасар қыз ваннада тұншығып қалды.   

Трагедия жазатайым оқиға ретінде қарастырылып жатыр. Әкесінің айтуынша, баланы шомылдырып жатып, асүйге бірнеше минутқа шығып кеткен. Қайтып келгенде қыздың жансыз жатқанын көрген. Ол дереу жедел жәрдем шақырған, артынан полиция келген.   

"Іс Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі  (Абайсызда өлімге әкеп соқтырған баланың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерді дұрыс орындамау) бойынша тіркелді",  - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптамалар тағайындалды, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында бассейнде шомылып жүрген бала тұншығып өлді
Оқиғаның негізгі болжамы – жазатайым оқиға. Тергеушілер қыз шетінеген кезде анасы қайда болғанын анықтап, баланың әкесінің куәлік етуін және отбасындағы психологиялық ахуалды тексереді.

141-бапқа сәйкес қыздың әкесі бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

190
Кілт сөздер:
қыз, Қарағанды, тұншығып өлді
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда арбада жатқан үш айлық сәби тұншығып өлді
Есігін аша алмаған: мұздатқышқа кіріп ойнаған үш баланың мәйіті табылды
Алматы облысында сәби кір жуғыш машинаның ішінде тұншығып өлді
Ажалы картоптан болды: Ақмола облысында төрт адам жертөледе көз жұмды
Загрузка...