Архивтегі сурет

Түркістан облысында әріптестерін өлтірген инкассатордың танысы қамауға алынды

406
Күдікті айғақ заттардың өз қорасында тығулы жатқанын полицияға айтпай, жасырмақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Түркістан облысының Арыс ауданында инкассаторларды өлтіру оқиғасына қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, ұсталған күдікті инкассаторларды өлтірген адамның танысы болып шықты, деп хабарлады otyrar.kz.

Тағы оқыңыз: Арыстан 35 шақырым жерден инкассаторлардың денесі табылды

Зейнеткерлердің зейнетақысын шалғай ауылдарға жеткізбек болғандарды өлтірген "Қазпошта" қызметкері әріптестерінің көзін жойған соң, айғақты заттардан құтылмақ болып, осы танысының қорасына аңшы қаруы мен ақшаларды әкеліп жасырған. Ал қамауға алынған күдікті танысының адамдарды өлтіргенін және айғақ заттардың өз қорасында тығулы жатқанын полицияға айтпай, жасырып, жаппақ болған. Осы әрекеті үшін ол енді қамауға алынды.

"Сезіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылатын құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі  тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.

Инкассаторларды өлтірді деген күдікке ілінген "Қазпошта" қызметкеріне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Қылмыстық кодекстің екі бабымен, "Адам өлтiру" және "Қарақшылық" бойынша тергеуге алынса, енді оған қатысты "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша іс қозғалды.

406
Кілт сөздер:
полиция, қанды оқиға, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Алматыдағы атыс: инкассаторларға жасалған қарулы шабуылдың мән-жайы
Көліктен қашып шыққан: Түркістан облысында таксисті өлтіріп кетті
Әйел мен оның үш баласын өлтіріп кетті – тұрғындар үрей құшағында отыр
Алматыда жаппай жол апаты болды: инкассатор көлігінің быт-шыты шықты
Загрузка...