Оқиға

Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты: 3 адам қаза болды

© Photo : РixabayЖолдағы апат кезінде қойылатын белгі
Жолдағы апат  кезінде қойылатын белгі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Қостанай облысындағы "Қостанай-Қарабұтақ" тасжолында екі көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды жергілікті "Алау" порталы.

Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес, жол апатына 25 жастағы ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі кінәлі екен. Ол көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытта кетіп бара жатқан Toyota-ға соғылыпты.

"Салдарынан ВАЗ-2112 көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші Қамысты аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда ол есін жинамастан, көз жұмды", - делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, жол апатынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы да зардап шеккен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадасы оларға тиісті медициналық көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

Тағы оқыңыз: Алматылық әйел бір уақытта екі көліктің астына түсті - фото

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама жұмыстары тағайындалды. Оның ішінде көліктерді автотехникалық тексерістен өткізу де бар. Тексеріс қорытындысы шыққан соң полиция қызметкерлері ВАЗ-2112 жүргізушісінің неге қарсы бағытқа шыққанын анықтайды. 

Жаңалықтар
0