Оқиға

Өскеменде бұрынғы әкім өзен жағасынан өлі табылды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуГроза
Гроза - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицияның алдын-ала мәліметінше, бұрынғы аудан әкіміне найзағай түсіп, қаза болған

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының бұрынғы әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің жансыз денесі табылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Мәйітті 14 маусымда тұрғындар тауып алып, полицияға хабар берген.

Тағы оқыңыз: Алматыда ер адам ойын алаңында өзіне қол салды

Оқиға орнына тергеу тобы шұғыл жетіп, 66 жастағы ер адамның көз жұмғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, найзағай түсіп қаза болған көрінеді.

"Сотқа дейінгі тергеулер аясында өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала деректер бойынша, найзағай түсіп қаза болған. Зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ", - деп ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина мәлімет берді.

Тұрсынғазы Мүсәпірбеков – өңірге белгілі саяси қайраткер, Ақтамберді жыраудың ұрпағы. Мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымды иеленген. 10 жыл Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал 2011-2017 жылдары Абай ауданының әкімі болған.

Тағы оқыңыз: Сұлулық байқауы жеңімпазы өлі табылды

Жаңалықтар
0