Ойын ойнап отырған бала, архивтегі сурет

Атырауда тәрбиешінің бүлдіршінді сабап жатқан сәті видеоға түсіп қалды

1045
Оқиға сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшада болған

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым — Sputnik. Атырау облысы әкімдігі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамның ашуын тудырған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеода баланың тәртіп бұзғанын көруге болады. Осы сәтте тәрбиеші баланы ұстап, оған қол көтерген. Бұл сәт видеоға жазылып қалыпты.

"Сіз оны бетінен бірнеше рет ұрдыңыз. Баланы тептіңіз", - дейді видеода әйел адам.

Әлеуметтік желі қолданушысы мамандандырылған балабақшадағы тәрбиешінің ерсі әрекеті туралы тиісті мемлекеттік органға айтқан. Бұл балабақшада сөйлеу қабілеті бұзылған, психологиялық дамуында ауытқуы бар бүлдіршіндер тәрбиленеді.

Желіде жарияланған видео атыраулықтардың ашуын тудырды. Кейін облыс әкімдігі болған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Қалалық білім басқармасы тәрбиешінің ерсі әрекеті үшін сіздерден кешірім сұрайды. Сонымен қатар педагогикалық этиканы бұзып, балаға қатал қарағаны үшін №25 бұйрықпен тәрбиеші жұмыстан босатылды", - деп жазылған Атырау облысы әкімдігінің Telegram желісінде жарияланған хабарламада.

Тағы оқыңыз: Балабақшада құлап кеткен қызды терезеге тәрбиешінің өзі шығарған

Ал қалалық білім басқармасы мұндай заңбұзушылықтар тіркелсе, тиісті адамдар жазасын алатынын әрі мекеме басшысы жұмыстан босатылатынын ескертті.

Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында Атырауда осыған ұқсас жағдай тіркелген болатын. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған интернаттың оқушыларын тәрбиешілері ұрып, күшпен жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

1045
Кілт сөздер:
видео, бүлдіршіндер, тәрбиеші, Атырау
Тақырып бойынша
Бала күтуші екі жасар бүлдіршінді ұрып өлтірді – күдікті қамауға алынды
"Аюға намаз үйреткен таяқ": тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео
"Аяқ киіммен бір қойды" Алматыда балаларды ұрып-соққан тәрбиеші істі болып жатыр
Полиция Ханшатырдағы трагедияның мән-жайын анықтады
Назарбаева: мүгедек балаларды аяусыз ұрып-соққандар қатаң жазалануы тиіс
Загрузка...