Оқиға

Петропавлда саяжайдағы өрттен ерлі-зайыпты ажал құшты

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуПожар, архивное фото
Пожар, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ракета" бау-бақша қауымдастығындағы саяжайлардың бірінен өрт шыққан

ПЕТРОПАВЛ, 20 маусым - Sputnik. Петропавлда саяжайдағы өрт салдарынан ерлі-зайыпты қаза болды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Игорь Балеев брифингте.

Осы аптада сәрсенбіге қараған түні Петропавл шетіндегі "Ракета" бау-бақша қауымдастығында орналасқан саяжай үйлерінің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнында екі адамның денесі табылыпты.

"Ерлі-зайыпты – 1978 жылы туған ер мен әйел тұрмыстық газ құрылғысын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу салдарынан көз жұмды", - дейді Балеев.

Тағы оқыңыз: Алматыда монша өртеніп кетті - фото

Оның айтуынша, саяжай учаскелерінде өрт жиілеп кетті. Жыл басынан бері сегіз үй-жай өртеніп, үш адам қаза болған.

Айта кетсек, 2019 жылдың басынан бері өңірде 369 өрт болды. Құрбандар саны – 24 адам.

Тағы оқыңыз: Теміртау тұрғыны 11 жастағы баланы өрттен құтқарды

Жаңалықтар
0