кішкентай қыз

Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді

13174
Жәбір көрген бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр хәлде түскен науқастың беті бері қарады

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым — Sputnik. Жамбыл облысының Шу ауданында үш жасар қызды зорлады деген айыппен 25 жастағы жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жаға ұстататын жағдай Шу қаласына қарасты Қант зауыты ауданында болған. Көршілердің айтуынша, аулада ойнап жүрген жасы үшке де толмаған қыз баланы 25 жастағы азамат үйіне кіргізіп, ойына келгенін істеген. Оның жанұшыра шыққан дауысын естіген куәгерлер көмек  шақырыпты. Сол сәтте бүлдіршіннің әкесі бір топ адаммен келіп, баспананың есігін бұзып, ішке енген.

Алайда күдікті терезеден қарғып, қашып кеткен. Бірақ ол алысқа кете алмады. Оқиғаны көргендердің айтуынша, оның ізіне түскен тұрғындар көп ұзатпай қолға түсіреді, олар күдіктіні полицейлер келгенше байлап ұстаған.

Тағы оқыңыз: Алматылық жігіт қызды кездесуге шақырып, әжетханада зорлап тастады

Көршілер 25 жастағы бойдақ азаматты жақсы танымайтын болып шықты. Себебі ол анасы екеуі бір ай бұрын ғана көшіп келген. Қазір оның үйінде ешкім жоқ.

Өлім аузынан қалған бүлдіршін аудандық ауруханада жатыр. Алғашында оның хәлі өте ауыр болған. Қазір беті бері қарапты. Бірақ дәрігерлер оның денсаулығына қатысты тілшілерге толық мағлұмат бермеді.  

Ауданда ауыр қылмыстың болғанын, әрі күдіктінің қамауға алынғанын облыстық сот растады.

"Шу аудандық сотының қаулысына сәйкес, айыпталушыға тамыз айына дейін санкция берілген. Оған қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Яғни зорлау, жас балаға қатысты жасаған қылмыс", - деді Жамбыл облыстық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қыдыралиева.

Белгілі болғанындай, күдікті бұған дейін істі болмаған, қазір ол уақытша ұстау абақтысында жатыр.

13174
Кілт сөздер:
азғын, педофил
Тақырып бойынша
Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды
Астанада екі жігіт жабылып қыз зорлады: біреуі 1,5 жылдан кейін Қырғызстанда қолға түсті
Нұр-Сұлтанда екі жігіт жабылып қыз зорлады: күдікті елге қайтарылды
Үш полицей әріптесін жабылып зорлады
"Тұлпар-Тальго" жолсеріктері пойызда әйел зорлады деп айыпталып жатыр
Загрузка...