Оқиға

Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді: бір әйел зардап шеккен

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКДвухэтажное частное общежитие горело в Нур-Султане
Двухэтажное частное общежитие горело в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жиырмадан астам өрт сөндіруші бір жарым сағаттай тілсіз жаумен күресті

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Елордада екі қабатты жатақханадан өрт шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Төтенше оқиға жексенбі күні кешкісін 19.21-де Сарыарқа ауданы Медеу көшесінде болды.

© Photo : Комитет по ЧС МВД РК23 өрт сөндіруші бір жарым сағаттай тілсіз жаумен күресті
Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді: бір әйел зардап шеккен - Sputnik Қазақстан
23 өрт сөндіруші бір жарым сағаттай тілсіз жаумен күресті

Оқиға орнына өрт сөндіру жасағы келіп жеткенде, жатақхананың шатыры лапылдап жанып, жалын ғимарат жанында салынған тұрғын үйді шарпи бастаған.

Өрт кезінде 1977 жылы туған әйел күйіп қалып, ауруханаға жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Қостанайда жолаушылар автобусы өртенді - видео

Өрт бір жарым сағаттан соң сөндірілген. Жалпы аумағы – 100 шаршы метр.

Қазір тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 23 адам мен алты өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0