Оқиға

Арыстағы ғимараттардың барлығы дерлік зақымданды – ТЖ комитеті

© Скрин видео SputnikЖарылыстан кейінгі Арыс көшелері
Жарылыстан кейінгі Арыс көшелері  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғимараттардың терезесі шағылып, шатыры бүлінді, кейбір үйлердің қабырғасы қираған  

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым — Sputnik. Арыстағы төтенше жағдай кезінде ғимараттардың 80-90%-ға жуығына снарядтардан зақым келді, деп хабарлады Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер.

"Сағат 15.00-дегі мәлімет бойынша саперлер 24 снаряд пен 104 снарядтың қауіпті бөлшегін тапты, олар сол жерде жарылды немесе әкетіліп, залалсыздандырылды. Қалада 7 600 ғимарат бар, алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 80-90% әр түрлі дәрежеде зақымданған. Негізінен терезелер шағылып, шатырлар бүлінген, алайда қатты зақымданғандары да бар", - деді Беккер "Хабар 24" телеарнасындағы тікелей эфир кезінде.  

ТЖК басшысы комиссия барлық шығынды есептеп шығаратынын атап өтті. Сонымен қатар, Беккер жергілікті тұрғындарға әзірге қалаға келуге болмайтынын ескертті.

"Өкінішке қарай, тұрғындар әр түрлі сылтаумен қалаға кіруге тырысып жатыр. Олай істемеулеріңізді сұраймыз, өйткені жарылмаған снарядтар бар, олар едәуір шығын келтіріп, қазаға ұшыратуы мүмкін", - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, тонау фактілерінің алдын алу үшін қаланы полицейлер мен Ұлттық ұланның сарбаздары күзетіп тұр. Қалаға кіреберісте күзет қойылған.

Қалада 45 мыңға тарта халық тұрады, ол Шымкенттен 85 километр және Түркістаннан 168 километр жерде орналасқан.  

Жаңалықтар
0