Оқиға

Шығыс Қазақстанда он екі вагон рельстен шығып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинТеміржол, архивтегі сурет
Теміржол, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теміржолшылар қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ екенін хабарлады, дегенмен алты пойыз кестеден кешіккен

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Ақтоғай – Аягөз учаскесінде он екі вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлады "ҚТЖ-Жүк тасымалы"акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Оқиға 27 маусым күні сағат 16.20-да болған.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ, деп атап өтті компания.

Тағы оқыңыз: Арыстағы төтенше жағдай салдарынан бірнеше жолаушылар пойызы кідірді

Аягөз және Ақтоғай станцияларында қалпына келтіру пойыздары дереу оқиғаның зардаптарын жоюға кіріскен.

Шығыс Қазақстан облысындағы теміржол апаты салдарынан алты жолаушылар пойызы – № 301 Новосибирск – Алматы, № 351 Өскемен – Алматы, №311 Семей – Нұр-Сұлтан, №459 Өскемен - Достық, №32 Алматы – Павлодар, №22 Қызылорда – Семей пойыздары уақытынан кешікті.

Арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себебі тергеліп жатыр.    

Жаңалықтар
0