Өзенге құлаған автокөлік, архивтегі фото

Көлікте отбасы да болған: Қырғызстанда шенеунік жол апатынан көз жұмды

4916
(Жаңартылды 12:36 03.07.2019)
Қырғызстанда қаза болған министрлер кабинеті өкілдігі аппарат басшысының әйелін, ұлы мен немересін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың парламенттегі өкілетті өкілі болған Молдақын Әбділдаевтың мәйіті табылды. Бұған дейін шенеунік пен оның отбасы мінген автокөлік өзенге құлап кеткені жайлы хабар тараған болатын.

"Нарын облысының Арал ауылы маңында сағат 17.20-да жүргізушінің мәйіті табылды. 20.00-де Аралдан 12 километр жерде Молдақын Әбділдаевтың денесі табылып, милиция қызметкерлеріне тапсырылды", — деп хабарлады Sputnik Қырғызстан елдің төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Көлікте, министрліктің мәліметінше, үш ер адам, әйел мен бала болған. Үш адамды іздеу жалғасып жатыр.

Шенеунік мінген көлік өзенге құлады  – куәгер

Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар мінген көлік өткен жексенбі күні өзенге құлап кеткен.

Сейсенбі күні көлікте Молдақын Әбділдаев, оның әйелі, ұлы, сегіз айлық немересі мен жүргізуші отыруы мүмкін екені белгілі болды, олар қырғыз балуаны, алып күш иесі Қожамқұл Қабаұлының 130 жылдығын тойлауға бара жатқан.

Іздеу жұмыстарына жүзге тарта адам – құтқарушылар, туыстары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Молдақын Әбділдаев – өмірбаяны

Молдақын Әбділдаев 1960 жылы 22 тамызда Нарынқол облысында туған.

Әр жылдары Қырғыз республикасы омбудсмен аппаратының басшысы, президент аппаратының азаматтармен жұмыс істеу бөлімінің меңгерушісі, Қырғызстан президентінің Жогорку Кенештегі (парламент) өкілетті өкілі болды.

2018 жылдан бастап Шу облысында үкіметтің өкілетті өкілдігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеді.

4916
Кілт сөздер:
той, жол апаты, шенеунік
Загрузка...