Оқиға

Ақмола облысындағы жантүршігерлік жол апатынан алты адам көз жұмды

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos Жол апаты, иллюстративтік сурет
Жол апаты, иллюстративтік сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүйсенбіге қараған түні Алматы – Екатеринбург тасжолында үш көлік соқтығысты

КӨКШЕТАУ, 8 шілде — Sputnik. Ақмола облысында болған ірі жол көлік апаты салдарынан 6 адам қаза тапты.

Трагедия дүйсенбіге қараған түні сағат 00:30-да Алматы – Екатеринбург тасжолының 1 093-ші шақырымында, Ягодное ауылының маңында болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан-ға Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Шенеунік жол апатынан көз жұмды

"ВАЗ-2115", Volkswagen Golf және Mercedes ML-320 көлігі соқтығысқан. Жол апаты салдарынан алты адам көз жұмды. Тағы алтауы ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің аты-жөні анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0