Елорда күні болған митингілер

Министр 6 шілдеде болған митинг кезінде қанша адам ұсталғанын айтты

1180
(Жаңартылды 11:00 09.07.2019)
Елорда күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митинг болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан және Алматыда болған митинг кезінде ұсталған азаматтар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда полицейлер рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін 100-ден астам адамды ұстады. Олардың ішінде 44 адам әкімшілік жазаға тартылды, 19 адамға әкімшілік арест салынды, 23 адамға айыппұл салынды. Басқа адамдар әңгімелескеннен кейін босатылды", - деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.

Министрдің сөзіне қарағанда, митингілерге шығуға үндеген екі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тінту кезінде дауыс зорайтқыштар, бояу шашатын балондар, түтіндету құтылары тәркіленген болатын.

"Полиция арнайы техниканы қолданған жоқ. Қоғамдық тәртіпті бұзған адамдар жағдайды ушықтыруға тырысты. Олар Алматыда Абай даңғылымен, ал Нұр-Cұлтанда Республика даңғылымен қоғамдық көліктің қозғалысын тоқтатпақшы болды", - деп атап өтті Тұрғымбаев.

Тағы оқыңыз: Қару табылды: министрлік митингіге қатысты мәлімдеме жасады

Айта кетейік, 6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митинг болды. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, прокуратура органдарының ескертуіне қарамастан, кейбір адамдар тәртіп бұзып, заңға қайшы әрекет еткен.

1180
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, Алматы, митинг
Тақырып бойынша
Алматыда заңсыз митингіге дайындалған адамдар ұсталды
"Арандатуға жол жоқ!": алматылықтар тағы да митингіге шықты
Нұр-Сұлтан мен Алматыда бейбіт митингілер өтеді
"Бар шындықты айтамыз": елорда мен Алматыда рұқсат етілген митинг өтті
Көп қабатты үй

Тұрғындарды дүрліктірген алматылық ұсталды видео

1149
(Жаңартылды 19:04 11.08.2020)
Жәбірленушінің басы жарақаттанды. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, басының төрт жері тігілді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Алматыда ер адам әуеннің дыбысын ақырындатуды сұраған "Алмалы" тұрғын үй кешені тұрғындарына пневматикалық тапаншадан оқ атты.

Оқиға сегізінші тамызда тұрғын үй кешенінің жанында болды. Ер адам үй жанындағы тұраққа көлігін қойып, музыка қосқан. Даусының қатты болғаны соншалық, үй тұрғындарының көпшілігі ұйқысынан оянды. Олар тыныштық бұзған адамды видеоға түсіре бастаған. Видео Instagram желісінде пабликтердің бірінде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZHEST_KZ|21+😱🇰🇿 (@zhest_kazakhstan)

Видеода екі тұрғын ер адамның жанына барып, музыканы ақырындатуын сұрайды. Алайда мас ер адам шабуыл жасаған. Шабуылдаушы қолына тапаншасын алып, қарсыласының басынан бірнеше рет ұрған. Содан кейін арада төбелес шыққан. Алматылықтар тәртіп бұзушыны асфальтқа жатқызып, полиция қызметкерлері келгенше ұстап тұрды.

Жәбірленушінің басы жарақаттанды. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, басының төрт жері тігілді.

Тұрғындардың айтуынша, ер адам күн сайын тұрғын үй кешені жанына келіп жанжал шығарады, тұрғындардың мазасын алады.

Алматы полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелгенін хабарлады. Тергеуді Алатау аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1986 жылы туған азамат Б. ұсталды, одан пневматикалық тапанша тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деді Алматы полиция департаменті.

Енді ұсталған адамға бес мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады (шамамен 13,9 миллион теңге) немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

1149
Кілт сөздер:
видео, Алматы
Тақырып бойынша
Полиция Жамбыл облысында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді 
Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды – видео
Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео
Қарағанды әкімі желіде шу тудырған жағдайға қатысты түсініктеме берді – видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзенде ұстау операциясын өткізді – видео
Есенбек Сиғуатов

Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

8401
(Жаңартылды 15:08 11.08.2020)
Түнгі төбелес кезінде Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов көз жұмды. Ол жүрегінен оқ жарақатын алып, оқиға орнында жан тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Танымал атыраулық спортшы, грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовты өлтіріп кетті.  

Қайғылы оқиға 9 тамызға қараған түні қала маңындағы Дамба және Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде болған, деп хабарлады Ақ Жайық газеті.

Оқ чемпионның жүрегіне тиген. Ол бір апта бұрын 18-ге толған еді.

Әлем чемпионын үйінің алдында атып кетті

Атырау облысының полиция департаменті әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Қылмыскердің ұсталған-ұсталмағаны да белгісіз. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбада полиция рейд жүргізген.

Есенбек Сиғуатов туралы не білеміз

Ол грэпплингтен жасөспірімдер арасында алғашқы әлем чемпионы болды. Турнир 2018 жылдың қыркүйегінде  елордада өтті, Есенбек 46 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Есенбек Сигуатов - в центре с золотой медалью
© Photo : Акимат Атырауской области
Есенбек Сиғуатов ортада тұр

Ол кезде Есенбек 11-сыныпта оқитын, финалға дейін ресейлікті, содан кейін өз отандасын жеңді, ал финалда Венгрия өкілінен басым түсті.

8401
Кілт сөздер:
чемпион, Атырау
Тақырып бойынша
Қазақстан чемпионы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды
ОҚО-да жас жігітті өлтірді деген күдікпен бірге өскен ауылдасы ұсталды
ММА чемпионын өлтірген сәт видеоға түсіп қалды
Әлемге әйгілі боксшы қаза болды
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0