Архивтегі фото

Жітіқарада той қарсаңында оқыс оқиға болды: күйеу жігіт көз жұмды   

5342
Жітіқарада ВАЗ 2114 көлігі бағанға соғылып, төрт адам шұғыл ауруханаға жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Қостанай облысының Жітіқара қаласында күйеу жігіт жантүршігерлік жол апатынан кейін ауруханада көз жұмды.

Жігіт кеше кешке есін жимастан жан тапсырды. Жолаушылардың арасынан жалғыз аман қалған 19 жастағы қыз ауруханада жатыр, деп хабарлады "Костанайские новости".

"Қайғылы хабарды растаймыз. Біздің дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Облыстық ауруханадағы әріптестерімізбен тұрақты түрде байланысып, толық көлемде көмек алдық. Жігітті Жітіқарадан Қостанайға ауыстыруға мүмкіндік болмады: оның жағдайы тасымалдауға келмеді. Қаза бәріміздің, әсіресе, ата-анасының қабырғасын қайыстырып кетті", - деді Жітіқара орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Рүстем Айтбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 29 маусымда Жітіқарада ВАЗ 2114 көлігі қатты жылдамдықпен бағанға соғылды.Төрт зардап шегуші шұғыл ауруханаға жеткізілді. Автокөлікте 32 жастағы жүргізуші – Әзербайжан азаматы, сондай-ақ Қазақстан азаматтары – 21 және 23 жастағы жігіттер және 19 жастағы бойжеткен болған. Барлығы ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне жеткізілді. Көлікте күйеу жігіт қалыңдығымен және қыздың туысы болған. 3 шілдеде 23 жастағы жігіт, қалыңдықтың туысы қайтыс болды.

Жүргізушінің миы шайқалған, қолын жарақаттап алған.  

5342
Кілт сөздер:
жол апаты, той
Тақырып бойынша
Тойда күйеу жігіт жоғалып кетті, не болғаны жарты сағаттан соң анықталды
Үйлену тойында қалыңдықтың көйлегі өртке оранды
Мейрамханадағы үйлену тойында уланғандар саны 151 адамға жетті
Ел естімеген оқиға: Қалыңдық үйлену тойында жігітін масқаралады
Базардан келе жатқан: Қалыңдық той қарсаңында жол апатынан көз жұмды
Загрузка...