Нұр-Сұлтандағы элиталы тұрғын үй кешеніндегі өрт

Нұр-Сұлтанның аспанын қара түтін басты өрттің видеосы

261
(Жаңартылды 21:06 09.07.2019)
Төтенше жағдай орнына өрт сөндірушілер аттанды, деп хабарлады елорданың ТЖ департаменті

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Қазақстанның астанасында элиталы ауданды қою түтін басып қалды. Нұр-Сұлтандағы "Британ орамы" тұрғын үй кешені өртеніп жатыр.

Қара түтін астаналықтарға алыстан көрініп тұр.

"Төтенше жағдай орнына өрт сөндірушілер аттанды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.  

Куәгерлер өрт болған аумақта автокөлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

"Өрт 5 немесе 6 кіреберіс аумағынан шықты. Онда бүгін шатырды жөндеген. Қазір оқиға орнында көптеген өрт сөндіру көлігі тұр", - деді Sputnik Қазақстанға өрт куәгері.  

ТЖ комитеті оқиғаның толығырақ мән-жайын хабарлады. "Британ орамы" ТК-ның алты қабаттық тұрғын үйінде өрт шыққаны туралы ақпарат сағат 19:39-да түскен.

Дым за мостом в Нур-Султане
© Sputnik / Стрингер.
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй өртенді

"Сағат 19:46-да алғашқы өрт сөндіру көліктері келгенде шамамен 100 шаршы метр аумақтағы тұрғын үйдің шатыры жанып жатты. Тұрғындары көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп нақтылады ТЖК.

  • Нұр-Сұлтанда элиталы тұрғын үй кешені өртенді
    Нұр-Сұлтанда элиталы тұрғын үй кешені өртенді
    © Sputnik / Стрингер.
  • Нұр-Сұлтанда элиталы тұрғын үй кешені өртенді
    Нұр-Сұлтанда элиталы тұрғын үй кешені өртенді
    © Photo : Комитет по чрезвычайным ситуациям МВД Казахстана
  • Нұр-Сұлтанда элиталы тұрғын үй кешені өртенді
    Нұр-Сұлтанда элиталы тұрғын үй кешені өртенді
    © Sputnik / Стрингер.
1 / 3
© Sputnik / Стрингер.
Нұр-Сұлтанда элиталы тұрғын үй кешені өртенді

Өртті сөндіруге 51 адам мен 11 техника жұмылдырылды.  

261
Тақырып бойынша
Елордадағы өрт: бір жасар сәби жансақтау бөлімінде жатыр
Нұр-Сұлтанда тоғыз қабатты үйден өрт шықты: 4 бала ауруханада жатыр
Ақтауда өрт сөндірушілер оқиға орнынан неге кетіп қалғаны белгілі болды
Ақтөбенің орталық базарында ірі өрт болды – фото
Әдейі өрт қоюы мүмкін – қорғаныс министрі Арыстағы жарылыстар туралы
Загрузка...