Нұр-Сұлтанда өртенген дөнерхана

Елордада дөнерхана өртенді видео  

35
Өрт аумағы 70 шаршы метрді құрады, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ  

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтанда тағы бір ірі өрт болды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана|Нур-Султан (@eto_astana_detka)

Бүгін сағат 17:39-де құтқарушыларға Қосшығұлұлы көшесіндегі дөнерхана өртенгені туралы ақпарат түсті, деп хабарлады ІІМ төтенше жағдайлар комитеті.

Стеклянная донерная, сгоревшая в Нур-Султане
© Sputnik / Абзал Калиев.
Жалын 70 шаршы метр аумаққа шарпыған

Өрт сағат 17:58-де ауыздықталып, 18:02-де сөндірілді. Жалын 70 шаршы метр аумаққа шарпығаны хабарланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Стеклянная донерная, сгоревшая в Нур-Султане
© Sputnik / Абзал Калиев.
Өрттің себебі анықталып жатыр

Өртті сөндіруге он адам мен екі техника жұмылдырылды.

Дөнерхана елорданың оң жағалауында халық тығыз қоныстанған ауданда орналасқан.

35
Кілт сөздер:
видео, дөнерхана, өрт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жатақхана өртенді: бір әйел зардап шеккен
Алматыда құтқарушылар өртеніп жатқан үйден балаларды көтеріп алып шықты
Қостанай облысында ғибадатхана өртенді – фото
Түркістан облысында әскери бөлім маңынан өрт шықты
Нұр-Сұлтанның аспанын қара түтін басты – өрттің видеосы
Загрузка...