Полицей, архивтегі сурет

Жамбыл облысында полицейді өлтіріп, өртеп жіберді оқиғаның мән-жайы

2436
(Жаңартылды 12:33 11.07.2019)
Қазіргі уақытта полиция қылмыскерді іздеп жатыр. Бұл іс ІІМ ерекше бақылауына алынды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Жамбыл облысында полицейдің денесі табылды. Бұл ақпаратты өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

5 шілде күні Шу ауданында ер адамның күйген денесі табылды.

"Қаза тапқан адамның аты-жөні анықталды. Ол полиция қызметкері", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Ол 2019 жылдың 16 мамырынан бастап денсаулық жағдайына  байланысты демалыс алған. Хирургиялық операция жасауы тиіс болатын.

Қылмыстың бетін ашу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Оған ішкі істер министрлігі мен облыстық полиция департаментінің тәжірибелі мамандары енген.

Тағы оқыңыз: Видеоны өшірші деп жалынған инспектор жұмыстан қуылды

ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл іс ІІМ ерекше бақылауына алынды.

2436
Кілт сөздер:
оқиға, полицей, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Көпірден секірген қызды құтқарып ажал құшқан полицей марапатқа ұсынылды
Атырау облысында дәмхана иесін соққыға жыққан полицей сотталды
Полиция бастығы ат мініп, желіні шулатты: Тоқаев қатаң шара қолдануды тапсырды
Полицейлер мен жемқорлыққа қарсы қызметкерлердің текетіресі немен аяқталды
Оралда полицейлер төбелескені үшін жұмыстан қуылды
Загрузка...