Өңірлер

Арыста өрт басталды: аспанды қою қара түтін басты – видео

© Photo : Предоставлено Комитетом по чрезвычайной ситуацииАрыстағы өрт
Арыстағы өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ. Жалынды 55 адам сөндіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде — Sputnik. Түркістан облысының Арыс қаласында өрт басталды. Бұл туралы өңір басшысының кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында жазды.  

Өрт депо аумағындағы қоймадан шыққан.

"ТЧЭ 32 цехы отқа оранды. Барлық қызмет өртті сөндіруге жұмылдырылды. Алдын ала мәлімет бойынша өртке жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеу аппаратын дұрыс қолданбау себеп болған. Сабыр сақтаңыздар. Жағдай бақылауда", - деп жазды Қалқаманов. 

Оның айтуынша, қала тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ. 

"Өрт аумағы – 2040 шаршы метр. Жалынды сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамның 41 адамы мен 10 дана өрт сөндіру техникасы, өрт сөндіру пойызы және Арыс стансасының 8 қызметкері жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 16:45-те ауыздықталды", - деп хабарлады ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.    

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылысқа не себеп болды - прокуратура жауабы

Ресми деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан – екі әскери қызметкер мен бір жергілікті тұрғын.

Жарылыс болғаннан кейін төртінші күні тұрғындар Арыс қаласына қайтты. 

Жаңалықтар
0