Телефонның қуаттау құрылғысы

Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті   

1257
(Жаңартылды 10:56 16.07.2019)
Трагедия 15 шілдеде болған. Өңірде мұндай жағдай биылдыққа алғаш рет тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Шымкент тұрғынын ақаулы қуаттау құрылғысынан тоқ соқты, жас жігіт сол жерде жан тапсырды.

Трагедия 15 шілдеде болған.

"Шымкентте Еңбекші ауданының Сайрам ауылынан сағат 02.30-да хабарлама түсті. Абдуллабад көшесіндегі жеке тұрғын үйде телефоннан қуаттау құрылғысын алу кезінде 1996 жылы туған азаматты тоқ соғып, сол жерде көз жұмған", - деп хабарлады облыстық ТЖ департаменті.

Мұндай жағдай биылдыққа алғаш рет тіркеліп отыр. Өткен жылы Шымкентте тоқ соққан төрт адам қайтыс болды, олардың екеуі 2004 және 2009 жылы дүниеге келген, деп хабарлады Otyrar.kz.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысындағы сенбілік кезінде 14 жастағы оқушы мерт болды

Ведомство сондай-ақ электрмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін еске салды. 

 

1257
Кілт сөздер:
Шымкент, зарядтау, трагедия, тоқ соғу
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы ойын алаңында күтпеген жағдай болды: оқиға куәгерлері мән-жайды айтып берді
Алаң қоршауына шығып ойнаған балалар тоқ соғып өлді
Ақмола облысындағы сенбілік кезінде 14 жастағы оқушы мерт болды
Телефонды суға түсіріп алған. Панкратионнан Ресей чемпионы ваннада көз жұмды
Иллюстративті фото

Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды видео

1597
(Жаңартылды 15:08 10.08.2020)
Күдікті кассирді пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Алайда ол ақшаны беруден бас тартып, қарсылық көрсеткен

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Ақтөбе маңындағы жанар-жағармай құю бекетінің бірінде ер адам кассирді пышақпен қорқытып, ақша бопсалаған, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Оқиға 30 шілде күні түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

"Күдікті кассирді пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Дүкен күзетшісі күдіктіге қарсы шықты. Алайда қарақшы күзетшіні итеріп, қашып кетті", - делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізіп, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын қарады.

Нәтижесінде 22 жастағы күдікті бір тәулік ішінде анықталып, бірнеше күннен кейін ұсталды. Қылмыс құралы болған пышақ тәркіленді.

Оқи отырыңыз: Алматыда балалы әйелге шабуыл жасаған тонаушы қарсылыққа тап болды 

Аталған факті бойынша Қазақтан қылмыстық кодексінің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

1597
Кілт сөздер:
видео, қарулы шабуыл, кассир
Тақырып бойынша
Мұржаға кептеліп қалған ұры полиция шақыруға мәжбүр болды
Талдықорғанда ұры жүргізушілерге үндеу жасады – видео  
Жиырма мың теңгеге бола баланы пышақтап кетті: күдікті ұсталды
Қостанай облысында шұжықтың көмегімен 12 миллион теңгенің ұрлығы ашылды
Павлодар облысында банкоматты жарып жіберген ұры ұсталды - видео
Алматы, көлік

Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды

9702
(Жаңартылды 18:35 09.08.2020)
Желіде алматылық стадионда түсірілген видео жарияланды. Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Желіде Алматыда мас жүргізуші "Спартак" стадионына барып, көлікпен адамдарды баса жазбаған сәттің видеосы қызу талқыланып жатыр.  

Видео 24news_kz Instagram парақшасында жүктелген. Автор оқиға 8 тамыз күні болғанын жазған. 22 жастағы жігіт көлікпен футбол алаңының қоршауын бұзып, адамдарды қағып кете жаздады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ КАЗАХСТАНА|21+🇰🇿 (@24news_kz)

Кадр сыртында бала мен ересек адамның даусы естіледі. 

"Бес жасар бала футбол қақпасының торынан шыға алмай, әрең дегенде аман қалған. Зардап шеккендер жоқ. Бастапқыда біз жүргізуші газ бен тежегішті шатастырып алды деп ойлаған едік. Көлік бір тоқтап, бір қозғалды. Жүргізуші терезені ашып: "Дәулет!" деп айқайлады (өзінің інісін іздеп жүрсе керек). Сол кезде ғана адамдар жүргізуші мас екенін түсініп, жан-жаққа қаша бастады. Кейбір адамдар трибунаға шығып кетті", - дейді оқиға куәгері.

Жазбада жүргізушінің туыстары таныстарына хабарласып, жазадан құтылуға көмектесіп жатқаны жазылған.

"Полиция жігітті Медеу аудандық полиция бөлімшесіне алып кетті.  "Порше", "Лексус" көліктерімен кісілер келіп жатты. Киімдерінен тойдан шыққаны көрініп тұр. Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр", - дейді автор.

Sputnik Қазақстан ресми ақпарат алу үшін Алматы қаласы полиция департаментіне хабарласты. Полиция ақпаратты нақтылайтынын жеткізді.

Тағы оқыңыз: Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі

9702
Кілт сөздер:
желі, видео, Алматы
Тақырып бойынша
Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды – видео
Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды – видео
Полиция басшысының туыстары халықтан кешірім сұрады – видео
Жылап тұрып көмек сұраған қостанайлық мұғалімнің бұрынғы күйеуі видео жариялады
Нұр-Сұлтан ауруханасында түсірілген видео жарияланды  
Жарылыс, от

Ресейде жанармай бекетінде болған жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды

0
(Жаңартылды 20:55 10.08.2020)
Екінші деңгейлі өрт болғаны анықталды. Қала әкімшілігінің ақпараты бойынша 13 адам зардап шеккен, төртеуі - өрт сөндіруші

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Ресейдің Волгоград қаласында жанармай бекетіндегі өртті сөндіріп жатқанда газ жарылды.

Волгоград қаласы төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне сәйкес, жанармай бекетінде ішінде газ бар цистерна жарылған, деп хабарлайды РИА Новости.

Екінші деңгейлі өрт болғаны анықталды. Қала әкімшілігінің ақпараты бойынша 13 адам зардап шеккен, төртеуі - өрт сөндіруші. 

От жергілікті уақыт бойынша 14:20-да (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 16:20) ауыздықталды.

"Өрт туралы хабар түскен соң оқиға орнына өрт сөндіру-құтқару бөлімдерінің қызметкерлері жетті. Өртті сөндіре бастағанда газ жарылды", - деді ведомство. 

Көрші елдің прокуратурас оқиғаға қатысты тексеріс бастады. 

0
Кілт сөздер:
жарылыс, видео, жанармай
Тақырып бойынша
"Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео
Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды