Қыз бала, архивтегі сурет

"Іш киімі жоқ, беті көгеріп кеткен": Шымкентте төрт жасар қыз өлі табылды

9291
(Жаңартылды 08:26 22.07.2019)
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Шымкентте ескі гараждардың бірінен төрт жасар қыздың денесі табылды. Полиция болған оқиғаны растады, деп хабарлайды "Отырар" басылымы.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, отбасының жақын туысы күндіз сағат үш кезінде қыздың ата-анасының үйіне барады. Қыз баланың жоқтығын байқаған әйел уайымдап, сәбиді іздеуге шыққан, алайда екі сағаттай іздеп, таппаған соң, учаскелік полицейдің көмегіне жүгінеді. Әйел мен полиция қызметкері қараусыз қалған гараждардың бірінен баланың жансыз денесін тауып алыпты.

Тағы оқыңыз: Студент қызды зорлап өлтрген қаскөйлер оқиғаның қалай болғанын айтты

Әйел адамның айтуынша, қыз баланың іш киімі жоқ, беті көгеріп кеткен екен. Оқиға орнына келген әкесі сәбидің денесін үйіне алып кетеді. Сол жерде криминалистер мәйітті сараптамаға жөнелткен.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілер мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді.

9291
Кілт сөздер:
өлім, қыз, полиция, Шымкент
Тақырып бойынша
Түркістанда кішкентай қызды зорламақ болған педофил ұсталды
Нұр-Сұлтандағы 9 жасар қыздың өлімі: министр түсініктеме берді
Түркістан облысында анасын іздеуге шыққан қыз жоғалып кеткен
Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді
"Қырық минут бойы зорлаған": құрбысымен қонаққа барған қыздың жантүршігерлік оқиғасы
Жедел жәрдем көлігі

Ақмола облысында әйелі мен туысын құтқармақ болған ер адам ажал құшты

616
(Жаңартылды 14:57 05.08.2020)
Қайғылы жағдай Шортанды ауданында болған. Төтенше жағдайлар қызметіне ақпарат кеше, 4 тамыз күні түсті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз - Sputnik. Ақмола облысында көлдің ортасына кетіп қалған әйелі мен жиенін құтқармақ болған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаменті сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, ерлі-зайыптылар жиенін алып, Шортанды ауданындағы Бозайғыр көліне барған. Сол жерде арнайы жабдықталмаған жағажайда суға түскен. Ал кешке қарай құтқарушыларға шұғыл хабар түсті.

"4 тамызда кешқұрым әйел мен баланың Бозайғыр көлінің ортасына кетіп қалғаны туралы хабар түсті. Біз бірден оқиға орнына аттандық", - дейді құтқарушылар.

Сөйтсе, жас отбасы жиенін алып, көлдің жағасына демалуға келген. Ер адам жағада кәуап қуырамын деп қалған. Ал оның жұбайы 8 жасар жиенімен үрленетін матрасқа мінген. Қатты жел оларды көлдің ортасына алып кетті. 

"Сол кезде келіншек көмек іздеп, айқайлай бастады. Оны көрген күйеуі суға секіріп, құтқармақ болды. Бірақ жете алмады, жарты жолда батып кетті", - деді мамандар.

Құтқарушылар жабдықталмаған жағажайда суға түсу қауіпті екенін ескертті. Қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажет. 

"Мысалы, қайғылы оқиға болған көлдің түбінде балдыр көп. Осының өзі өте қауіпті. Суда жүзу қабілеті – қауіпсіз демалыстың кепілі. Дегенмен, жақсы жүзетін адам да сақтық шараларын барынша сақтауы тиіс ", - дейді құтқарушылар.

 

616
Кілт сөздер:
су, ажал, туысқан, әйел, Ақмола облысы
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында шомылып жүрген үш қыз суға батып кетті
Карантин кезінде суға шомылатындар нені ескеруі тиіс
"Бауырлары пышақтап кетті": Таразда жаппай төбелестен 8 сынып оқушысы ажал құшты
Қазақстанда екі ай ішінде 174 адам суға кетіп көз жұмды
Демалыстағы трагедия: қызды құтқарған астаналық ажал құшты
Доллар, архивтегі фото

Маңғыстауда Нигерия азаматы полицейге пара бермек болды

91
Шетел азаматы Қазақстанда пара беруге талпынғаны үшін ірі көлемде айыппұл төлеуі немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін  

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Нигерия азаматы Маңғыстау облысында көші-қон полициясының қызметкеріне пара бермек болды.

Ер адам Маңғыстау облысының аумағында еркін жүріп-тұрып, заңсыз қызметпен айналысқысы келген, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция әңгіме қандай заңсыз қызмет жайлы екенін нақтылаған жоқ.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Маңғыстау облысы полиция департаментінің аға инспекторы Қуат Қанбаев ақшадан бас тартып, өзіндік қауіпсіздік басқармасына пара беру әрекеті туралы хабарлаған.

Шетел азаматы ұсталып, оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нью-Йоркте қазақстандық ұсталды: министрліктің ресми түсініктемесі

Бұл бап параның он еседен жиырма есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сондай-ақ кінәлінің мүлкі тәркіленіп, өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда ұсталған адамға ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.   

91
Кілт сөздер:
Нигерия, шетелдік, пара
Тақырып бойынша
"Қызым жазықсыз": Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Тоқаевтан көмек сұрады
Қазақстанның бірқатар өңірінде іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды
Ақшаны білдіртпей тыққан – ирандық әйел Астана тұрғындарын сан соқтырып кетті
Елімізде Өзбекстанның екі мың азаматы көші-қон заңнамасын бұзған
Блок бекетте шын мәнінде не болғаны жұртқа жария етіледі – полиция бастығы
FlyArystan

Қазақстанның 8 қаласында жаңа әуе рейстері қатынайтын болды

0
(Жаңартылды 15:34 05.08.2020)
Республикаішілік бағыттарда қатынайтын жолаушылар 180 орындық Airbus A320 әуе кемесімен тасымалданады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. 28 тамыз күні FlyArystan Airlines сегіз бағытқа жаңа аймақтық рейстерді іске қосады.

Жаңа рейстердің ашылуына байланысты тасымаладушы компания 5-7 тамыз аралығындағы рейстерге 20%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады. Ал ел ішінде қатынайтын ұшақтар бағыты мынадай:

  • Қарағанды ​​- Шымкент - Қарағанды;
  • Қарағанды ​​- Атырау - Қарағанды;
  • Қарағанды ​​- Ақтау - Қарағанды;
  • Атырау - Қостанай - Атырау;
  • Атырау - Қызылорда - Атырау;
  • Шымкент - Қостанай - Шымкент;
  • Шымкент - Өскемен - Шымкент;
  • Шымкент - Павлодар - Шымкент.

"Эйр Астана" компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын FlyArystan әуекомпаниясы сол кездегі президент Назарбаевтың республикаішілік арзан әуе қатынасын қамтамасыз ету туралы талабынан кейін құрылды. 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында компания 1,3 миллион жолаушы тасымалдады. 2022 жылға қарай әуе паркін 15 ұшаққа дейін көбейту жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Министрлік тікұшақтардың Шымкентті неге айналып жүргенін түсіндірді

0
Кілт сөздер:
жолаушылар, ұшақ
Тақырып бойынша
Бір жолаушысы бар ұшақ Мәскеуге жоспарсыз қонды
Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды - видео
Нұр-Сұлтан қаласынан тағы төрт қалаға ұшақ қатынай бастайды
Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді
Карантин аяқталғаннан кейін ұшақ жолаушыларынан анықтама талап етіле ме?