Өңірлер

Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында өлтіріп кетті

© Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента Оқиға орнында криминалистер мен жедел қызметкерлер
Оқиға орнында криминалистер мен жедел қызметкерлер  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
 Ірі кәсіпкердің жол талғамайтын көлігіне өткен жұма күні белгісіз біреу оқ жаудырған

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Шымкентте ірі кәсіпкерді өлтіріп кетті, полиция қылмыскерді іздеп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыс 19 шілде күні Арай көшесінде болған. Өңірлік Otyrar.kz порталы хабарлағандай, сағат шамамен 15.30-да бизнесменнің Lexus маркалы көлігіне аңшы қаруынан оқ жаудырған.

© Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента Шымкент тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу
Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында өлтіріп кетті - Sputnik Қазақстан
Шымкент тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу

Шымкент полициясы жергілікті тұрғынды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Қазіргі таңда қылмыскерді ұстауға бағытталған барлық қажетті шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

© Photo : Предоставлено департаментом полиции Шымкента Криминалистикалық зертхана орналасқан автокөлік
Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында өлтіріп кетті - Sputnik Қазақстан
Криминалистикалық зертхана орналасқан автокөлік

Өзге ақпарат ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жарияланбайды.  

Жаңалықтар
0