жол апаты, архивтегі сурет

Алматыда балалар мінген автобус жол апатына ұшырады фото

699
(Жаңартылды 13:31 25.07.2019)
Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар

АЛМАТЫ, 25 шілде – Sputnik. Алматыда BMW 525 көлігі ішінде балалар отырған автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты Сүйінбай даңғылында жаяу жүргіншілер жолында болған.

Автобус с детьми попал в ДТП, есть пострадавшие
© Sputnik / Стрингер.
Алматыда BMW мен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар

Балаларды демалысқа апара жатқан автобустың жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында тоқтап, адамдарды өткізе бастайды. Осы мезетте автобустың артына жоғары жылдамдықпен келе жатқан BMW 525 соғылады.

Қатты соққыдан автобус жолдың шетіне ұшып кетіп, бағанаға соғыла жаздаған.

Автобус с детьми попал в ДТП, есть пострадавшие
© Sputnik / Стрингер.
Алматыда BMW мен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар

Автобустың ішінде жүргізуші мен 10 бала отырған. Олар зардап шеккен жоқ. Ал BMW 525 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысын жедел жәрдем түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізді.  

Автобус с детьми попал в ДТП, есть пострадавшие
© Sputnik / Стрингер.
Алматыда BMW мен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар
699
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар бар
Үш автобус соқтығысқан жол апаты: оқиғаның нақты себебі белгілі болды
Ақтау маңындағы жантүршігерлік жол апаты: жүкті әйел көз жұмды - оқиға орнынан видео
Сотталушы, архивтегі сурет

Тоңазытқыштағы бала өлімі: перзентхананың бұрынғы басшысы сотталып жатыр

50
(Жаңартылды 08:53 28.05.2020)
Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беріп жатыр. Орталықтың экс-басшысы қоластындағыларға нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Атырауда қоғамдық резонанс тудырған, нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген перзентхананың бұрынғы басшысына қатысты сот басталды.

Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беруде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеудің мәліметіне сәйкес, перзентхананың бұрынғы басшысының тапсырмасы бойынша нәресте тоңазытышқа жатқызылған. Кейін шетінеп кетті.

Карантинге байланысты процесс онлайн-режимде өтіп жатыр. Сотталушылар байланысқа тергеу изоляторынан қосылды. 

Процеске қатысушылар саны көп болғандықтан, байланыс нашарлай түсті. Тараптар техникалық ақауға байланысты процесті кейінге шегеруді сұрады. Сот өтінішті қанағаттандырмады.

Перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы 8 бап бойынша сотталып жатыр. Олардың ішінде дәрсменсіз халдегі адамды өлтіру бар (бұл бап бойынша 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған). Сондай-ақ, экс-басшының ісі біреудің мүлкін иемдену, алаяқтық, пара беру және алу баптары бойынша қарастырылып жатыр.

Тоңазытқыштағы бала өлімі

2019 жылдың 4 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық перинаталдық орталығының жетекшісіне жаңа туған нәрестенің өліміне қатысы бар деген айып тағылғанын хабарлады. 

Перзентханада сәби тірі туған. Алайда дәрігерлердің салғырттығынан құжатта өлі деп жазылады. Олар қатені түзетпеу үшін шақалақты тоңазытқыш камерасында қалдырып кеткен.

Бұл жағдай орталық жетекшісіне қатысты басқа істі тексеру кезінде анықталған. Бұған дейін медициналық мекеменің басшысы жемқорлыққа байланысты ұсталғаны хабарланған еді.

Баланың өліміне қатысты әйелді босандырған акушер-гинеколог та қамауға алынды.

Атырау облысында шыққан шудан кейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетіп, әкімнің орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

 

50
Кілт сөздер:
сот, перзентхана, Атырау, бала, тоңазытқыш
Тақырып бойынша
Нәресте тоңазытқыштан табылды: атыраулық дәрігерлердің ауыр қылмысы ашылды
Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады
Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады
Перзентханадағы сұмдық: Ноғаев ауруханада қазір не болып жатқанын айтты
Тоңазытқыштағы бала өлімі: облыстық басқарма басшысы қызметінен кетті
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: үшінші полицейдің жағдайы туралы ақпарат жарияланды

496
Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы блок бекеттегі жол апатында зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы айтты.

Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ербұлан Сейдазым жарақат алғаннан кейін №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Науқас аралас жарақат алған, бас сүйек-мидың жабық жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, желкеге пластиналы эпидуральды қан құйылуы, желке сүйегінің сынуы, сол жақ бет қаңқасының сынуы, бастың, беттің, белдің жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозы қойылды", - деді Алматы денсаулық басқармасында.

Хирургтардың консилиумынан кейін зардап шеккен азаматқа бас сүйегінің резекциялы трепанациясы жасалды, сондай-ақ бас сүйегінің жіті гематомасын алып тастады.

"Жағдайы ауыр. Бүгін миына томография жүргізілді. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп атап өтті Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы.

Реанимация бөлімінде қарқынды терапия жалғасып жатыр.

Алматыдағы блок бекетте болған трагедия

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы Жаңа ғасыр мен Қожабеков көшелерінің қиылысындағы №4 блок бекетте BMW автокөлігінің жүргізушісі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Ережеге бағынбаған азаматтың ішімдік ішкені расталды. Ол Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір полиция қызметкері ауруханада ауыр халде жатыр.

Бұрын полицияда жұмыс істеген

Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді. Айтуынша, кінәлінің ішкі істер органдарында қызметінен босатылуына өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін төрт рет сөгіс алғаны себеп болған.

1994 жылы туған кінәлінің үстінен екі және одан да көп адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады).

Күдікті қамауға алынды.

496
Кілт сөздер:
денсаулық, полицей, бекет, Алматы
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Алматыда екі полицейдің өмірін қиған апаттың куәгері: жедел жәрдем кеш келді
Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Блок бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Коронавирус, вакцина

Өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды

2
(Жаңартылды 09:41 28.05.2020)
Коронавирусқа байланысты соңғы мәліметке сәйкес, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды. Өсім - 2,9%.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 56 (3,2%)

Қарағанды облысы - 49 (7,0%)

Алматы қаласы - 25 (1,1%)

Ақтөбе облысы - 22 (7,8%)

Батыс Қазақстан облысы - 21 (4,4%)

Қызылорда облысы - 20 (6,6%)

Шымкент қаласы - 17 (2,4%)

Түркістан облысы - 17 (5,0%)

Атырау облысы - 15 (1,6%)

Алматы облысы - 14 (4,6%)

Қостанай облысы - 5 (3,8%)

Жамбыл облысы - 4 (1,1%)

Ақмола облысы - 2 (1,4%)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (4,1%)

Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,4%)

Маңғыстау облысы - 1 (0,6%)

Павлодар облысы - 1 (0,5%)

155 адам емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37.

Данные по коронавирусу на утро 28 мая
© Photo :
Коронавирусқа қатысты соңғы ақпарат, 28 мамыр
2
Кілт сөздер:
Қазақстан, адам, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді