Оқиға

Көкшетауда 40 жастағы ер адам көшеде қызды зорлап тастады

© PhotoТүн, қыз
Түн, қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті қылмысын мойындады, қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Көкшетауда түнде көшеде қызды зорлаған 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 тамыз күні қаладағы Назарбаев даңғылында болған. Түнгі ондар шамасында жедел басқару орталығына белгісіз ер адамның көшеде қызды зорлап тастағаны туралы ақпарат келіп түсті.

© Photo : Ұлттық ұланның баспасөз қызметіКүдікті қылмысын мойындады
Көкшетауда 40 жастағы ер адам көшеде қызды зорлап тастады - Sputnik Қазақстан
Күдікті қылмысын мойындады

Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын бастады. Көп ұзамай 1979 жылы туған Көкшетау тұрғыны қолға түсті. Күдіктінің бұған дейін істі болғаны анықталды.

Тағы оқыңыз: "Мүшесін ұстады": Ақтөбе лагеріндегі сұмдықты балалардың бірі жайып салды

40 жастағы ер адам қылмысын мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Жаңалықтар
0