Қыздар

Батыс Қазақстанда әскерден оралған жігіт қаршадай екі қызды зорлап тастады

7713
Күдікті қазір уақытша ұстау абақтысында отыр, сот оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстанда әскерден оралған жігіт 4 және 5 жастағы екі қызды зорлап тастады. Ол көрші үйде тұрады екен.

Оқиға туралы 7 тамызда қыздардың бірі полицияда істейтін әкесіне болған жайтты айтып бергенде белгілі болған. Бұл жайында тілшілерге БҚО адвокатурасында істейтін адам айтты, деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

Ауыл тұрғындарының бірінің сөзіне сүйенсек, қыздардың бірі қалада тұрады екен, жазда туыстарының үйіне қонаққа келіпті.

Тағы оқыңыз: Абай ауылында жігітті үш жыл бойы зорлаған экс-полицей ұсталды

Теректі полиция бөлімі хабарлағандай, күдікті қазір уақытша ұстау абақтысында отыр.

"Ол ҚР ҚПК 128-бабы (Күдіктінің ұстап алу) бойынша ұсталды. Сот бұлтартпау шарасын таңдағанша, бізде болады", - деп мәлімет берді полицияның кезекші бөлімі.

Белгілі болғандай, жігіт жақында әскерден келген. Әскери борышын өтеуге аттанбас бұрын бірнеше рет төбелеске қатысып, полиция бөлімшесіне түсіпті.

Тергеу шаралары аяқталғанша күдікті уақытша ұстау абақтысында отырады. 9 тамызда сот күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдауы тиіс.

Тағы оқыңыз: Атырауда бес жасар баланы зорлап кетті

7713
Кілт сөздер:
зорлау, қыздар, Батыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Алматы облысының тұрғыны әйелді зорлап тастап, жайлауға қашып кеткен
"Кептерханаға кіргізген" Павлодарда зейнеткер 15 жастағы мүгедек қызды зорлап тастады
Студент қызды зорлап, өлтірген қаскөйлер сотта оқиғаның қалай болғанын айтты
Түн ортасында үйіне кіріп, әйелді зорлап тастады: Алматыда қаскөйге сот үкімі шықты
Көкшетауда 40 жастағы ер адам көшеде қызды зорлап тастады
Загрузка...