Жол белгісі, архивтегі фото

Арысты қалпына келтіруге жіберілген астаналық жол апатынан қаза болды

904
Екі баланың әкесі Арыс – Шымкент тасжолында апатқа ұшырап, алған жарақатынан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Арыс қаласындағы жарылыстан кейін үйлерді қалпына келтіруге қатысқан "Астана РЭК" электр желілік компаниясының қызметкері көз жұмды. Ер адам Арыс-Шымкент тасжолында жол апатына түскен, деп хабарлады елорда әкімдігі.   

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Түркістан облысының Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін іс-сапармен жіберілген "Астана РЭК" АҚ компаниясының қызметкері Тютюбеков Ермек Сейітбекұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады", - деп хабарлады әкімдік.

Апат 8 тамыз күні болған. Рөлде отырған компания қызметкері алған жарақатынан көз жұмған.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев елордада көз жұмған арыстық баланың ата-анасына көңіл айтты

"Астана РЭК" компаниясы қызметкер 2013 жылдан бері электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінде еңбек еткенін хабарлады. Ұжым марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтады.

"Ол қызметте өзін сауатты, ұқыпты және жауапты маман ретінде көрсетті. Өз жұмысына адал болатын. Әріптестерінің арасында сыйлы болды", - деп атап өтті компания.

 Ермек Тютюбековтың артында әйелі мен екі баласы қалды.  

Арыстағы трагедия

24 маусымда таңертең сағат онның кезінде Арыстағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары дереу көрші аудандар мен Шымкентке көшірілді. Жарылыстар тоқтаған соң 28 маусымда үйлеріне қайта бастады.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза болды.   

904
Кілт сөздер:
трагедия, жол апаты
Тақырып:
Арыстағы жарылыс (85)
Тақырып бойынша
Тоқаев экс-министр мен бірнеше лауазымды қызметкерді қатаң жазалады
Арыстағы жарылыс кезінде зардап шеккен бала көз жұмды
Арыстағы арсенал қашан түгел шығарылады – министр жауабы
Арыстағы жарылыс: Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді
Арыста жарылыс болды: тұрғындардың бірі зардап шеккен
Загрузка...