Оқиға

Алматыдағы сел: жақын маңдағы ауылдарда жарық пен газ сөндірілді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы сел
Алматыдағы сел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында жарық пен газды сөндірген

АЛМАТЫ, 14 тамыз — Sputnik. Алматыда Қарғалы бөгеті ауданында сел жүрді. Құтқарушылардың айтуынша, ол тұрғындарға қауіп төндірмейді.

Алайда қауіпсіздік мақсатында жақын орналасқан ауылдарда жарық пен газ сөндірілген. Ведомство атап өткендей, қазір тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр.

"Энергетика қызметтеріне жарық пен газды сөндіруге тапсырма берілді. Халыққа ескертіп, көшіріп жатырмыз. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзені аңғарынан төменірек орналасқан Әуезов және Алатау ауданы тұрғындарын хабарландырып жатыр", - делінген төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

Оқиға орнына Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығы Серік Әубәкіров барды.

© Sputnik / Анна ПлатоноваАлматыда сел жүрді
Алматыдағы сел: жақын маңдағы ауылдарда жарық пен газ сөндірілді - Sputnik Қазақстан
Алматыда сел жүрді
Жаңалықтар
0