Автокөлік айнасы,иллюстративті фото

Әжей жол үстінде көлік жүргізушісін ұрып тастады видео

1395
Ашуға булыққан қартаң жүргізушіні жұдырықпен тоқпақтап, көлікті бір тебеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Инстаграмдағы denski_blog парақшасында көлік жүргізушісін ұрған әжейдің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ашуға булыққан егде жастағы әйел алдымен рөлде отырған көлік иесін жұдырықпен тоқпақтайды. Одан кейін көлікті бір тебеді. Машиналар легі сәл қозғалғаннан кейін зейнеткер қайтадан жүгіріп барып, көлікті бірнеше рет теуіп кетеді. Көліктердің нөміріне қарағанда оқиға Қарағанды облысында болған.

Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз. Қазақстандықтар видеоның астына біраз комментарий жазған.

Тағы оқыңыз: Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматы кешірім сұрады – видео 

"Қарағандыда сізге біреу тиіссе, жақын жүрген кез келген әжеге жүгіріп барыңыз. Ол сізді бұзақылардан қорғап қалады", - дейді қолданушылардың бірі. Енді, біреулер ол әжені танығанын жазған. Оның есі дұрыс, бірақ біреу ренжітсе, сазайын бермей кетпейді екен.

1395
Кілт сөздер:
видео, әжей, Қарағанды
Загрузка...