Тікұшақ, архивтегі сурет

Шығыс Қазақстандағы тауда Ресей азаматы құтқарылды

40
Альпинист әйел Белуха тауында қар көшкіні астында қалып қойған

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Белуха тауына шығар кезде қар көшкіні астында қалған Ресей азаматын құтқарды. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Ресейлік альпинистер тобы Белухаға шыңын бағындыруға аттанып, 3 000 мың метрге көтерілгенде, қар көшкіні жүрген. Топ мүшелерінің бірі - 63 жастағы Тюмень тұрғынын қар ағыны алып кеткен.

Әйел адам қолын сындырып, көтпеген жарақат алады. Ми-8 тікұшағымен Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің тоғыз құтқарушысы аттанған, олардың екеуі – Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері.

"Тұман салдарынан түк көрінбей кеткенімен, әуеде барлау арқылы адамдар тобы табылды. Тікұшақ экипажы төтенше оқиға болған жерге жақын қонып, құтқарушылар әйелге жәрдем көрсетті", - дейді Құтқару жасағының басшысы Игорь Лапенлавский.

 Медики Центра медицины катастроф осмотрели пострадавшую и наложили шину
© Photo : Официальный сайт министерства внутренних дел Казахстана
Қазақстан құтқарушылары ресейлік әйелді құтқарды

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетті. Туристер өз лагеріне оралса, зардап шеккен әйел Өскемен қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

40
Кілт сөздер:
Ресей азаматы, Шығыс Қазақстан
Загрузка...