Өңірлер

Ақтөбеде Өзбекстаннан көшіп келген кәсіпкер әйелді өлтіріп кетті

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивтегі фото
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
14 тамызда азық-түлік дүкенінен көптеген пышақ жарақатын алған сатушы әйелдің денесі табылған

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында кәсіпкерге өз дүкенінде қарақшылық шабуыл жасалды.

Қанды оқиға Ақтөбе облысының Бадамша ауылында болды. Қаскүнемдер оған бірнеше пышақ жарақатын салған.

2003 жылы Қазақстанға Өзбекстаннан көшіп келген қандастарымыздың отбасында үш бала бар. Кенжесі биыл мектепті үздік бітірген. Үлкен ұлы мен қызы Астанада оқиды, деп жазды Мой город.

Марқұм бұрын бала күтуші болып жұмыс істеген балабақшаның меңгерушісі Сәуле Байдәулетова Феруза Пірманованың отбасы үлгілі болғанын айтады. Ферузаның күйеуі мен балалары домбырада тартады екен. Олар түрлі жарыстарда жеңімпаз атанған.

"Феруза ұқыпты, тәрбиелі, сабырлы болатын. Ол адамдарды жақсы көрді, оны да бәрі жақсы көретін. Ұжым болып көңіл айтып шықтық, жаназаға бүкіл ауыл жиналды. Халық айуандықпен жасалған қылмысқа наразы", - дейді Сәуле Байдәулетова.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Бадамша ауылында дүкен сатушысын өлтіріп кеткенін растады. Полицияның мәліметінше, 14 тамызда азық-түлік дүкенінен көптеген пышақ жарақатын алған сатушы әйелдің денесі табылған.

Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.

Павлодарлық бизнесмен қарақшылардың қолынан ажал құшты

"Олар үш сағаттың ішінде күдіктілерді анықтады. Күдіктілер Хромтауда ұсталды, олардың бірі осы қаланың, екіншісі Бадамша ауылының тұрғыны болып шықты", - деп толықтырды полицейлер.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Жаңалықтар
0