Телефон ұстап отырған жасөспірім

Түркістан облысы лагеріндегі шу: оқиғаның неден басталғаны белгілі болды

1824
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды

АЛМАТЫ, 17 тамыз  – Sputnik. Түркістан облысындағы Бүргілік ауылындағы лагерь тәрбиешісі төрт баланы ұрып соқты.

Түркістан облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2–бөлігіне сәйкес (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Тәрбиешінің кінәсі дәлелденсе, 160 АЕК көлеміндегі (404 мың теңге) айыппұл төлейді немесе 160 сағат бойы қоғамдық жұмыс істеуі тиіс болады. Бес жыл бойы белгілі бір қызмет түрін атқару құқығынан айырылып, 40 тәулікке дейін қамауға алынуы да мүмкін.

Білім және ғылым министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Министр кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан өзінің Facebook-тегі парақшасында мекеме санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қорытындысын да алмағанын жазады.

Бұдан бөлек, облыстық білім басқармасының лагерлер тізбесіне енбеген, яғни білім саласына қарасты мекеме емес, жекеменшік демалыс үйіне жатады. 

"Сұңқар" демалыс орны мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, ағымдағы жылдың жаз айларында Түлкібас ауданынан 800-ден астам оқушы, Шардара ауданынан 50 бала демалған. Ендігі кезекте, сәйкес құжаттары болмай, демалыс базасының конкурсты қалайша ұтып алғаны зерттелетін болады",  - деп жазды министр кеңесшісі.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook-тегі парақшасында оқиға жайлы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Сайынға хабарлағанын жазды.

Ол комиссия тексеріс барысында 2004 және 2005 жылдары туған жасөспірімдер 18 жастағы тәрбиеші душқа түсіп жатқан кезде сығалап тұрғанын айтты. Мұны көрген қыз балаларды ұрып-соға бастаған. Жағдайды жасөспірімдердің бірі видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы таратқан.

"Жасөспірім видеоны өзінің ата-анасына жіберген. Балаларда сырт көзге ешбір жарақат байқалмайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды ", - деді Аружан Сайын.

1824
Кілт сөздер:
тәрбиеші, оқиға, шу, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
"Мүшесін ұстады": Ақтөбе лагеріндегі сұмдықты балалардың бірі жайып салды
Балаларды ұрып, сағаттап отырғызып қоятындардың әрекеті әшкереленді – видео   
"Аяқ киіммен бір қойды" Алматыда балаларды ұрып-соққан тәрбиеші істі болып жатыр
Назарбаева: мүгедек балаларды аяусыз ұрып-соққандар қатаң жазалануы тиіс
Нұр-Сұлтанда ер адам жасөспіріммен төбелесті – видео
Загрузка...