Оқиға

"Таң ата хабар жетті": Сағынтаев жоғалған қазақстандықтарға қатысты жазба жариялады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоХан Тәңірі
Хан Тәңірі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Альпинист Александр Чечулин Жеңіс шыңында өкпе қабынуынан көз жұмды. Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев 6 600 метр биіктікте қиын жағдайда қалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерге тікұшақпен құтқарушы топ жіберілді. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Белгілі болғандай, Қазақстанның ішкі істер министрлігі іздеу-құтқару жұмыстарын бастаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

19.08.2019 Таң ата дабылды хабар жетті: Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинистер із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, СІМ мен ІІМ жұмысты үйлестірудеміз. ІІМ іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Хантәңірі тауынан іздестіру орнына құрамында тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ бар тікұшақ жіберілді. Қиындығы сол, тікұшақ биік шыңдар үстімен ұша алмайды. Шыңның биіктігі 4500 метр. Одан әрі қарай іздестіру тобы мен еріктілер жұмыстарын бастайды. Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз. —— С утра поступила тревожная весть: на кыргызской стороне Заилийского Алатау пропала без вести группа казахстанских альпинистов. В виду того, что наши ребята находятся на территории Кыргызстана, координируем работу с МИД и МВД Казахстана. Поисково-спасательные работы МВД начаты. С горы Хан-Тенгри на место поиска направляется спасательный вертолет с пешей горной поисково-спасательной группой. Сложность заключается в том, что вертолет не летает на таких высотах. Максимальная высота подъема 4500 метров. Дальше на месте будут работать и поисковая группа, и добровольцы. Рассчитываем на поддержу кыргызских коллег.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

"Таң ата дабылды хабар жетті: Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинист із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, СІМ мен ІІМ-мен жұмысты үйлестірудеміз. Ішкі істер министрлігі іздеу-құтқару жұмыстарын бастады", - деп жазды қала әкімі.

Айтуынша, Хантәңірі тауынан іздестіру орнына тікұшақпен тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ жіберілген. Қиындығы сол, тікұшақ тек 4500 метр биіктікке ғана көтеріле алады. Одан әрі қарай оқиға орнында іздестіру тобы мен еріктілер жұмыс істейді.

"Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз", - деп жазды Сағынтаев.

Бұған дейін альпинист Мұрат Өтепбаевтың қызы Айгүл әлеуметтік желіде пост жариялап, қазақстандықтардан көмек сұраған еді.

Өтепбаев – альпинизмде 13 жылдық өтілі бар спорт шеберіне кандидат, Alpine Asia Team бапкері, төрт баланың әкесі.

Хабарланғандай, үш альпинист Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин шамамен 6 600 метр биіктікте Жеңіс шыңында қар құрсауында қалған. Чечулин өкпе қабынуынан көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Тауда қаза тапқан баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

"Қолайсыз ауа райы мен құрал-жабдықтың болмауынан альпинистер базалық лагерьге уақытында түсе алмаған. Тірі қалған Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев байланысқа шыға алмай отыр", - деп жазды Айгүл.

Айтуынша, жексенбі күні Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің бір топ құтқарушысы МИ-8 тікұшағымен оқиға орнына барған. Алайда ауа райына байланысты іздеу жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болыпты.

Тағы оқыңыз: Ауылға қонаққа барып, жоғалып кеткен бала өлі табылды

Қазақстанның төтенше жағдай комитеті хабарлағандай, тау жақта бүгін де қар жауып тұр.

Жаңалықтар
0