Жылап отырған қыз, архивтегі сурет

Видеоға түсіріп, бопсалаған: Шымкентте оқушы қызды сыныптастары зорлап тастады

7145
(Жаңартылды 15:23 19.08.2019)
Не істерін білмей, әбден тығырыққа тірелген бойжеткен өз-өзіне қол салмақ болған

ШЫМКЕНТ, 19 тамыз - Sputnik. Шымкенттің мамандандырылған қылмыстық соты 17 жастағы екі бозбалаға қатысты істі қарауды аяқтады.

Белгілі болғандай, екі оқушы сыныптас қызды қорқытып, зорлап, болған жайтты видеоға түсіріп алған. Біраз күн өткен соң зорлықшылар бойжеткенді бопсалап, ауызбастырық үшін ақша, компьютер және ұялы телефон талап етеді.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде кішкентай қызын зорлаған тұрғынға іздеу жарияланды - фото

Қыз телефонын бергенімен, сыныптастарының басқа талабын орындай алмайды. Екі дос видеоны интернетте жариялаймыз деп қорқыта бастаған. Не істерін білмей, қатты қиналған бойжеткен үйінде тамырын кесіп, өз-өзіне қол салмақ болыпты. Абырой болғанда, сол сәтте қыздың анасы үйге оралған. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, анасы полицияға арыз жазады.

Сотталушылар кінәсін мойындамай қойса да, сот оларды айыпты деп таныды. Кәмелеттік жасқа толмағандықтан, әрқайсысы бес жыл жаза мерзіміне кесілген. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

7145
Кілт сөздер:
зорлау, оқушы, Шымкент
Тақырып бойынша
Пойызда зорланған әйел басынан өткен сұмдықты жылап тұрып айтып берді - видео
Батыс Қазақстанда әскерден оралған жігіт қаршадай екі қызды зорлап тастады
Қазақстанда адам зорлағандардың суретін жариялау ұсынылды
"Бес уақыт намаз оқитын": Алматы тұрғыны өгей қызын төрт жыл бойы зорлап келген
"Зорлаймын дейді": Соққыға жығылған алматылықтың әйелі не істерін білмей отыр
Загрузка...