Оқиға

Қытайдан ұшып шыққан ұшақ Нұр-Сұлтанға шұғыл қонды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуSCAT әуе компаниясының ұшағы
SCAT әуе компаниясының ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақтың ішінде 234 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. SCAT әуе компаниясының Boeing 757 ұшағы Нұр-Сұлтан әужейына шұғыл қонды, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті.

"Бүгін Сания (Қытай) – Нұр-Сұлтан бағытындағы VSV464 рейсі сағат 16:58-де шұғыл қонды. Сания әуежайы диспетчерлік қызметінің ақпараты бойынша ұшу-қону жолағынан резеңке бөлшектер табылған. Болжам бойынша ұшақ әуеге көтерілген кезде белгісіз затты басып өтіп, салдарынан шассидің сол жақ негізгі тіреуінің артқы доңғалағына зақым келген", - деп жазылған ресми хабарламада.

© Photo : Комитет гражданской авиацииСания (Қытай) – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қытайдан ұшып шыққан ұшақ Нұр-Сұлтанға шұғыл қонды - Sputnik Қазақстан
Сания (Қытай) – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды

Осы жағдайдан кейін әуе компаниясы ұшақты қондыру мәселесін Нұр-Сұлтан әуежайымен пысықтаған.

"Ұшақ аман-есен қонды. Ұшақтың ішінде 234 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды", - деді азаматтық авиация комитетіндегілер.

Авиация оқиғаларын тергеу басқармасының комиссиясы тексерісті бастады, деп хабарлады комитет.

Жаңалықтар
0