парашютпен секіру

Алматы облысында полковник ажал құшты: қылмыстық іс қозғалды

3088
(Жаңартылды 09:17 24.08.2019)
Әскери қызметкердің қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Алматы облысында биіктен секірген әскери қызметкер парашюті ашылмай қалып, ажал құшты. Қайғылы оқиға Қапшағай маңындағы оқу-жаттығу алаңдарының бірінде болған.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "МИ-17" тікұшағынан төменге құлдилаған полковник Алдоңғаровтың жерге 300 метрдей қалғанда парашюті ашылмай қалыпты, деп хабарлады КТК арнасы.

Десанттық-шабуылдау бригадасының офицері қауіпсіздік ережесін сақтамаған деген болжам айтылды. Марқұм қосалқы парашютті де іске қосып үлгермеген. Полковник сол жерде тіл тартпай кетті.

Жоспарлы жаттығу "Бүркіт" арнайы құрылымының талабына сәйкес 1200 метр биіктіктен секіру бойынша жүргізілген екен. Бұл аэроұтқыр әскерлері орындайтын жауынгерлік даярлық.

Қазір қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды. Яғни қызметке салғырт қарап, ауыр зардапқа әкеп соғу бойынша тексеріс жүргізілуде.

3088
Кілт сөздер:
Алматы облысы
Тақырып бойынша
Жағажайда жатқан адамдардың үстіне жартас опырылып түсті: үш адам қаза болды
БҚО-да жас жігіт жұмбақ жағдайда қаза болды: ата-анасы достарын кінәлайды
Полковник пен майор пара алғаны үшін ұсталды  
Сотталушы, архивтегі сурет

Тоңазытқыштағы бала өлімі: перзентхананың бұрынғы басшысы сотталып жатыр

213
(Жаңартылды 08:53 28.05.2020)
Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беріп жатыр. Орталықтың экс-басшысы қоластындағыларға нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Атырауда қоғамдық резонанс тудырған, нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген перзентхананың бұрынғы басшысына қатысты сот басталды.

Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беруде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеудің мәліметіне сәйкес, перзентхананың бұрынғы басшысының тапсырмасы бойынша нәресте тоңазытышқа жатқызылған. Кейін шетінеп кетті.

Карантинге байланысты процесс онлайн-режимде өтіп жатыр. Сотталушылар байланысқа тергеу изоляторынан қосылды. 

Процеске қатысушылар саны көп болғандықтан, байланыс нашарлай түсті. Тараптар техникалық ақауға байланысты процесті кейінге шегеруді сұрады. Сот өтінішті қанағаттандырмады.

Перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы 8 бап бойынша сотталып жатыр. Олардың ішінде дәрсменсіз халдегі адамды өлтіру бар (бұл бап бойынша 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған). Сондай-ақ, экс-басшының ісі біреудің мүлкін иемдену, алаяқтық, пара беру және алу баптары бойынша қарастырылып жатыр.

Тоңазытқыштағы бала өлімі

2019 жылдың 4 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық перинаталдық орталығының жетекшісіне жаңа туған нәрестенің өліміне қатысы бар деген айып тағылғанын хабарлады. 

Перзентханада сәби тірі туған. Алайда дәрігерлердің салғырттығынан құжатта өлі деп жазылады. Олар қатені түзетпеу үшін шақалақты тоңазытқыш камерасында қалдырып кеткен.

Бұл жағдай орталық жетекшісіне қатысты басқа істі тексеру кезінде анықталған. Бұған дейін медициналық мекеменің басшысы жемқорлыққа байланысты ұсталғаны хабарланған еді.

Баланың өліміне қатысты әйелді босандырған акушер-гинеколог та қамауға алынды.

Атырау облысында шыққан шудан кейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетіп, әкімнің орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

 

213
Кілт сөздер:
сот, перзентхана, Атырау, бала, тоңазытқыш
Тақырып бойынша
Нәресте тоңазытқыштан табылды: атыраулық дәрігерлердің ауыр қылмысы ашылды
Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады
Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады
Перзентханадағы сұмдық: Ноғаев ауруханада қазір не болып жатқанын айтты
Тоңазытқыштағы бала өлімі: облыстық басқарма басшысы қызметінен кетті
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: үшінші полицейдің жағдайы туралы ақпарат жарияланды

500
Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы блок бекеттегі жол апатында зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы айтты.

Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ербұлан Сейдазым жарақат алғаннан кейін №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Науқас аралас жарақат алған, бас сүйек-мидың жабық жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, желкеге пластиналы эпидуральды қан құйылуы, желке сүйегінің сынуы, сол жақ бет қаңқасының сынуы, бастың, беттің, белдің жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозы қойылды", - деді Алматы денсаулық басқармасында.

Хирургтардың консилиумынан кейін зардап шеккен азаматқа бас сүйегінің резекциялы трепанациясы жасалды, сондай-ақ бас сүйегінің жіті гематомасын алып тастады.

"Жағдайы ауыр. Бүгін миына томография жүргізілді. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп атап өтті Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы.

Реанимация бөлімінде қарқынды терапия жалғасып жатыр.

Алматыдағы блок бекетте болған трагедия

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы Жаңа ғасыр мен Қожабеков көшелерінің қиылысындағы №4 блок бекетте BMW автокөлігінің жүргізушісі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Ережеге бағынбаған азаматтың ішімдік ішкені расталды. Ол Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір полиция қызметкері ауруханада ауыр халде жатыр.

Бұрын полицияда жұмыс істеген

Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді. Айтуынша, кінәлінің ішкі істер органдарында қызметінен босатылуына өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін төрт рет сөгіс алғаны себеп болған.

1994 жылы туған кінәлінің үстінен екі және одан да көп адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады).

Күдікті қамауға алынды.

500
Кілт сөздер:
денсаулық, полицей, бекет, Алматы
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Алматыда екі полицейдің өмірін қиған апаттың куәгері: жедел жәрдем кеш келді
Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Блок бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Депутаттар, отырыс

Парламенттік оппозиция туралы заң президентке жіберілді

10
(Жаңартылды 11:03 28.05.2020)
Заң жобасы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі отырыста сенаторлар екі заң жобасын қарастырды. Біреуі парламент комитеттерi мен комиссиялары туралы болса, екіншісі парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізуге арналды. Депутаттар екі заңды да бірауыздан қабылдады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобалары ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

"Елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға "парламенттік көпшілік" және "парламенттік оппозиция" енгізіліп отыр. Заңмен мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіліктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды", - деді Әшімбаев.

Ол жаңа заңнамалық нормалар елде парламенттік оппозицияға кепілдік беріп, кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Парламенттік оппозиция қалай жұмыс істейді?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттік оппозиция парламенттік көпшілікке енбейді. Ал саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты басқа позицияны ұстанады. 
Заң жобасында парламенттік оппозицияға мынадай құқықтар беріліп отыр:

  • бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау;
  • парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеу;
  • оппозиция мақұлдамайтын үкіметтік заң жобаларына альтернативті заң жобаларын енгізу.

Сонымен қатар, оппозициялық фракциялардың басшылары немесе өкілдері парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, мәжілістің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен басқа да шараларда сөз сөйлей алады.

Ал осы заңға ілеспе заң жобасы бойынша мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланады. Мәжілістің екі тұрақты комитетінің хатшыларын да парламенттік оппозиция ішінен сайлау ұсынылып отыр.

10
Кілт сөздер:
президент, заң, парламент
Тақырып бойынша
"Саяси реформа жүргізуге құлықсыз": саясаттанушылар парламенттік оппозиция туралы айтты
Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты
Депутат парламент алдында төбелес шығарды – видео
Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады
Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты заңды қабылдады