Мылтық, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда көшенің қақ ортасында атыс болды

0
Полиция елорда көшелерінің бірінде атыс шығарды деген екі күдіктіні ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз — Sputnik. Елордадағы көшелердің бірінде 25 тамызда қарулы қақтығыс болды: қылмыскерлер қарсыласына оқ жаудырған.

Нұр-Сұлтанның полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бір топ адам көшеде жанжалдасып, біреуі мылтықпен қарсыластарына оқ ата бастаған. Салдарынан төрт адам жарақат алып, олардың бірі ауруханада көз жұмды.

Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен.

Тағы оқыңыз: Мешітте Құрбан айт қарсаңында атыс болды

Полицейлер тәулік ішінде екі күдіктіні ұстады, қылмысқа қатысы бар деген басқа тұлғалар да анықталған. Ұсталғандар уақытша ұстау абақтысында отыр. Олар қолданған қару тәркіленді.

Полицейлер анықтағандай, қақтығыс бір-біріне деген жеккөрушіліктен туындаған.

0
Кілт сөздер:
атыс, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Шымкенттегі түнгі клубта атыс болды: полиция бір топ адамды қолға түсірді
Елу адамның өмірін қиған қанды қырғынға қатысты тың мәлімет шықты
Алматыдағы шұғыл операция: төрт қауіпті қылмыскер ұсталды
Алматы саябағына жас жігіт қаруланып келіп, оқ атты
Загрузка...