Кісен ер адам, архивтегі сурет

"Адамдар айтуға қорқады": Қостанай облысының тұрғыны жантүршігерлік қылмыс жасады

6642
Оқиға Меңдіқара ауданындағы жол бойындағы дәмханада болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қостанай облысындағы дәмхана қожайынына қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Оған қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеп, ер адамды аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Тұрғындардың жағасын ұстатқан оқиға Меңдіқара ауданындағы жол бойындағы дәмханада 2016 жылы болыпты. Ондағы жұмысшылардың бірі ұзақ уақыт құлдықта болған көрінеді. Оны шынжырға байлап ұстаған, кейін ер адам қайтыс болды.

Көз жұмған ер адамның туыстары оны із-түссіз жоғалып кетті деп санапты.

Іс-түссіз жоғалып кеткен ер адамды іздеген полицейлер ауылда адам шошырлық қылмыстың болғанын анықтады.

Тағы оқыңыз: Пойызда зорланған әйел басынан өткен сұмдықты жылап тұрып айтып берді - видео

Кафе қожайыны ондағы қызметкерлерді құлдықта ұстап, қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген. Мұны журналистерге "Дамыту" қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк айтып берді.

"Қыздарды "қызмет көрсетуге" мәжбүрлеген. Олар тегін жұмыс істеген. Тіпті, олардың атына кредит те алған. Бұл адам Меңдіқара ауданында көптеген адамды пайдаланған. Алайда олардың басым бөлігі мұны айтуға қорқады", - дейді ол.

Полиция қызметі дәмханадағы жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

6642
Кілт сөздер:
дәмхана, қылмыс, Қостанай облысы
Тақырып бойынша
"Құл секілді ұстады" Төрт күйеуінен де талақ естіген шымкенттік әйелдің жанайқайы
Абай ауылында жігітті үш жыл бойы зорлап келген экс-полицей ұсталды
Абай ауылында зорланған жігіттің ісі: күдіктілердің бірі видеоға түсіп қалған
Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды
Атасы жаңа туған немересіне арақ ішкізген: отбасының қуанышы қайғыға ұласты
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

1070
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

1070
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті
Сынықтар, архивтегі сурет

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

185
"Жетісай – Шардара" автожолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан, сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды.

Жол апаты 28 мамыр сағат 14:30 шамасында Кетебай ауылының бойында, "Жетісай – Шардара" автожолында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жеңіл көлік – "Нексия" мен "Лада-Vesta" бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "Нексия" жүргізушісі мен екі жолаушы, "Лада-Vesta" көлігінің бір жолаушысы көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео

Оқиға орнында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол жүру немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

185
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты, автокөлік
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

0
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

0
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады