Оқиға

Еріксіз ішімдік ішкізіп, қорлаған: Алматыда 14 жасар қыз қоқыс маңынан табылды

© Photo : Hans KretzmannДевочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото
Девочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Кінәлілердің кім екені анықталса, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik.  Алматыда бірнеше ер адам 14 жастағы қызды зорлап, қоқыстың маңына тастап кетті. Бұл туралы #НеМолчиKZ қозғалысының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Оқиға 23 тамыз күні болған. Сағат 16:00-де анасына қыздың сыныптастары хабарласқан. Олар қызының мас күйінде қоқыстың маңында жатқанын айтыпты. Анасы бірден жолға шыққан.

Сағат 19:00-де #НеМолчиKZ сенім телефонына қыздың анасы хабарласыпты. Ол белгісіз біреулердің 14 жастағы қызын зорлағанын айтқан. Қыз Алматы қаласындағы балалар ауруханасына жеткізілген. Бірақ түсініксіз жағдай осыдан кейін басталды. Анасы оқиға орнына жеткенше қызды бірнеше (2-5) ер адам жұрттың көзінше көлікке салып, алып кеткен.

Осы кезде куәгерлер бірден полицияға хабарласқан. Екі сағаттан кейін қыз қаланың басқа ауданындағы қоқыстың маңынан табылды. Ол ес-түссіз жатқан. Жедел жәрдем келген кезде өзіне белгісіз біреулердің еріксіз ішімдік ішкізіп, қорлағанын айтыпты.

"Сот-медициналық сараптама кезінде қыздың жағдайы қиындап кетті. Гинеколог қыздың зорланғанын растады. Жасөспірім амнезияға ұшыраған. Бұл жағдайды ушықтырып отыр", деді "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Смайылова.

Тағы оқыңыз: "Қызды 14 ер адам зорлады": адвокат Тоқаевқа Сарыағаштағы сұмдықты айтты

Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"102 нөміріне хабар түскен соң бұл факт сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай реестріне енгізілді. Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың анасы көрсеткен куәгерлерден жауап алынды. Қазіргі уақытта тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша оқиғаның мән-жайы белгілі болады",  - деп хабарлады ведомствода.

йырылуы мүмкін.Кінәлілердің кім екені анықталса, бес жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе бас бостандығынан а

Мұғалімдері қыздың сабағы мен тәртібі жақсы екенін айтады. Оның анасы қатерлі ісікке шалдыққан. Қоғамдық қорда ерікті болып жұмыс істейді. 

Жаңалықтар
0