Ота, аурухана

Түркістан облысында оқушы мектепте алған ауыр жарақатынан қайтыс болды

1895
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Түркістан облысының Қазығұрт ауданында оқушының үстіне қақпа құлады. Мектеп директоры мен орынбасары жауапқа тартылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі уақытша жұмыстан шеттетілді, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

5 қыркүйек күні Жаңабазар ауылындағы Әуезов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы қайтыс болды. Оның үстіне футбол қақпасы құлаған. Ауыр жарақат алған бала ауруханада көз жұмды.

Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия оқиғаға жауаптыларды анықтайды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі уақытша жұмыстан шеттетілді.

"Мектеп директоры мен орынбасары қызметіне сай емес деп танылды. Білім бөлімі басшысының орынбасарына қатаң сөгіс және аудан әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланды",  - деп жазылған хабарламада.

Спортзалдардағы құрал-жабдық пен қақпаны орнату кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуы тексерілді.

Аудан әкімі Төлеген Тортайұлы қайтыс болған баланың туыстарына көңіл айтты. Оның отбасына материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Тағы оқыңыз: Хат жазып қалдырған: Талғарда оқушы өз-өзіне қол салды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға Қылмыстық кодекстің 141-бабы (Бала өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi тиісінше орындамау) бойынша тіркеуге алынды. Бұл бапқа сәйкес, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру қарастырылған.

1895
Кілт сөздер:
жарақат, мектеп, оқушы, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Видеоға түсіріп, бопсалаған: Шымкентте оқушы қызды сыныптастары зорлап тастады
Түркістан облысында оқушы зорланды: күдіктінің неге ақталғаны белгілі болды
Ақмола облысындағы сенбілік кезінде 14 жастағы оқушы мерт болды
"Көзіне жас алып шығарып салды": Әлия Назарбаева оқушы кезін еске алды
Оқушы қыз тапаншамен селфи жасаймын деп өзінің бетіне атып жіберді
Загрузка...