Ақша, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары ұсталған сәттің видеосы жарияланды

3585
Аудан әкімінің орынбарасы 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Алматы ауданы әкімі орынбасарының үстінен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жеке компанияның директорынан пара алды деген күдікке ілінді.

"Аудан әкімінің орынбарасы 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл ақшаны жеке компанияның директорынан алған", - делінген хабарламада.

Шенеунік мемлекеттік сатып алу келісімшарты негізінде ауданды жарықтандыру қызметі бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойып, "қамқорлық" жасау үшін пара талап еткен.

Сондай-ақ жеке компания директорының шенеунікке пара берген-бермегені тексеріліп жатыр.

Тергеу жалғасуда. Күдіктілердің айыбын сот анықтайды.

3585
Кілт сөздер:
видео, пара, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 10 жылға сотталды
Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды
Ұлттық экономика министрлігінің лауазымды шенеунігі сот залында босатылды
Қарағандыда пара берген университет ректоры ұсталды
Загрузка...