Такси көлігі

Елордада таксидегі жанұшыра айқайлаған қыздың дауысын полицейлер естіп көмекке келді

4608
(Жаңартылды 13:36 26.09.2019)
Такси жүргізушісі мен жолаушы арасында ұрыс шығып, ер адам әйелге қол жұмсаған. Полиция бұл фактіге қатысты іс қозғады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі көлігінде отырған жолушыны соққыға жықты. Екеуі сөзге келіп қалып, ер адам 31 жастағы қызға тап берген, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жанұшыра айқайлаған қызға жақын маңда жүрген полицейлер көмектескен.

"Таксиде отырған қыздың айқайлап жатқанын естіген полицейлер оқиға орнына дереу жетеді. Белгілі болғандай, екеуінің арасында ұрыс шығып, такси жүргізушісі жолаушыны соққыға жыққан", - деп хабарлады полициядағылар.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері такси жүргізушісін полицияға жеткізген. 52 жастағы ер адамның үстінен әкімшілік іс қозғалады.

4608
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Шымкентте такси жүргізушісі қызды ұрып-соғып, зорлап тастады
Алматыда такси жүргізуші косметологты не үшін өлтіргені белгілі болды
Ақтауда клиенттерін қан қақсатқан такси жүргізуші ұсталды
Такси жүргізуші зорлап өлтірген қыз 5 минут бұрын жанұшыра көмек сұраған
Такси жүргізушісі жолаушыға ұйықтататын дәрі беріп, арам ойын жүзеге асырды
Загрузка...