Архивтегі фото

Рудный тұрғыны үйлену тойынан кейін күйеу баласын өлтірді

4034
(Жаңартылды 10:34 01.10.2019)
Қостанай облысында жігіт қайын атасына пышақ ала жүгірген, олар алдымен үй ішінде, содан кейін аулада төбелескен

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Рудный қаласының тұрғыны күйеу баласын өлтіргені үшін сотталды.   

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы сотында 59 жастағы Жомарт Жарасбаевтың ісі қаралды, деп хабарлайды alau.kz.

Іс материалдарына сәйкес, осы жылдың 6 сәуірінде кешке ол әйелі және Қостанайда отбасымен тұратын қызы Қуаныш Батхитдиновамен бірге Рудный мейрамханаларының біріне үйлену тойына барған.   

Тағы оқыңыз: Жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды – фото

Түн жарымында келіншек үйіне қайтады, онда оны мас күйеуі күтіп алып, қызғаныштан соққыға жыққан. Жас келін болған жайтты анасына телефон арқылы хабарлаған. Ол қызын қорғауға күйеуін жіберген.

Іс материалдарына сәйкес, жігіт қайын атасына пышақ ала  жүгірген, олар алдымен үй ішінде, содан кейін аулада төбелескен. Жанжал кезінде қайын атасы күйеу баласынан пышақты тартып алып, оған үш рет сұғып алған.

Батхитдинов оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Жарасбаев қамауға алынды. Ол қасақана кісі өлтіргенін мойындамады, бірақ сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

4034
Кілт сөздер:
Рудный, үйлену тойы
Тақырып бойынша
Үйлену тойына келген жігіт сүйіктісін көріп шошыды – фото
Үйлену тойындағы оқыс оқиғадан кейін жігіт қалыңдығын ұмытып қалды
Күйеу жігіттің бұрынғы қызы тойдың тас-талқанын шығарды – видео
Біреуінің халі нашар: Алматы облысында үйлену тойы пышақтасумен аяқталды
Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео  
Загрузка...