Ұшақ, архивтегі фото

Жанармай жетпеген: Украинада ұшақ құлады    

78
Оқиға "Львов" әуежайының маңында болды, алдын ала мәлімет бойынша, апатты жағдайда қонған ұшақтағы төрт адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша, Украинаның "Львов" әуежайының маңында Ан-12 ұшағы құлап, төрт адам көз жұмды.

Жанармай бітіп қалғандықтан, экипаж шұғыл қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Апат чартерлік рейсті орындау кезінде болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, төрт адам қайтыс болды. Жанармайдың бітіп қалуына байланысты апатты жағдайда қонған. Оқиғаны тергеу басталды", - деп жазды Владислав Криклии әлеуметтік желіде.

Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Украинаның инфрақұрылым министрлігінің басшысы қаза тапқандардың туыстары мен достарына көңіл айтты.

"Канелоның" жекпе-жегінен қайтып келе жатқан жанкүйерлер мінген ұшақ құлады

78
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апатының мән-жайы белгілі болды - фото
Ақмола облысында ұшақ құлады
136 жолаушы мінген ұшақ өзенге құлады - фото
Air Astana ұшағы Шымкентке шұғыл қонды
Каспий теңізіне ұшақ құлады
Загрузка...