Жолаушылар автобусы, архивтегі фото

Балаларды күтіп тұрған: Елордада аялдамада автобустар соқтығысты

546
Оқыс оқиға бүгін таңертең Мәңгілік ел даңғылында болған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Астанада қоғамдық көлік пен мектеп автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 07:24-де Мәңгілік ел даңғылы бойындағы аялдамада №15 бағдардағы автобусы арақашықтықты сақтамай, мектеп автобусымен соқтығысқан.

"Мектеп автобусы аялдамада балаларды күтіп тұрған. Жол апаты кезінде онда жолаушылар болмаған", - делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Ал бағдардағы автобуста 30-дан астам жолаушы отырған. Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктегі 2 жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Астанада аялдама жанында екі автобус соқтығысты - фото

 

546
Кілт сөздер:
автобус, аялдама
Тақырып бойынша
Шамалғандағы трагедия: Тұрғымбаев зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
"Бәрі аш деп айқайлады": Жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді
Алматы облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады: 9 адам ауруханаға түсті
Ақтөбе маңында 18 оқушы мінген автобус аударылып кетті   
Загрузка...