Ер адам, архивтегі сурет

Жергілікті тұрғындардың шетелдіктерді неге соққыға жыққаны анықталды видео

4410
(Жаңартылды 14:30 10.10.2019)
Қытайдың төрт азаматы ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары тараптармен кездесіп, қажетті тексеріс жүргізіп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН, 10 қазан — Sputnik. Талдықорған маңындағы кәсіпорында жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 8 қазан күні тарала бастаған еді. Citic Construction ЖШС-нің жұмысшылары бұқаралық ақпарат өкілдеріне видео үндеу жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СЕРДИТЫЙ ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@angry_taldyk)

Кәсіпорын "Алматы - Өскемен" автокөлік жолы учаскесінің құрылысымен айналысады. Жұмысшылар Қытайдың үш азаматы этникалық қазақты соққыға жыққанын айтқан. Видео үндеуде жұмысшылар шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарға тең еңбек жағдайы жасалмағанын алға тартқан.

Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің басшысы бастаған топ жетті. Тәртіп сақшылары тараптармен кездесіп, қажетті тексеріс жүргізді.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Citic Construction-ның төрт қызметкері (бәрі Қытай азаматы) арасындағы жанжал жұмысқа байланысты туындаған. Олардың бірі – этникалық қазақ жеңіл дене жарақатын алды.

Кінәлілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы ("денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Ведомстводағылар жергілікті тұрғындар істің байыбына бармай, келесі күні өндіріс нысанындағы шетелдіктерді соққыға жыққанын айтты. Қытайдың төрт азаматы ауруханаға жеткізілді.

Тағы оқыңыз: "Намысқа тиетін сурет": Теңіз елді мекеніндегі жаппай төбелестің мән-жайы

"Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 293-баптың 3-бөлігі ("Бұзақылық") , 107-баптың 2-бөлігі ("денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру")  және 106-бабы 2-бөлігі ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер анықталып, ұсталды", - деді Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, 33 шетелдік жұмысшыны тексеру кезінде көші-қон заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталды. Олар жауапқа тартылды. Шетелдіктерді депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.

Полиция Алматы және Алматы облысында тіркелген бірқатар заңды тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы ("заңсыз көші-қон ұйымдастыру") сотқа дейінгі тексеріс басталғанын хабарлады. Оқиғаны ішкі істер министрі өз бақылауына алды.

4410
Кілт сөздер:
видео, соққыға жықты, қытайлар, тұрғындар
Тақырып бойынша
"Намысқа тиетін сурет": Теңіз елді мекеніндегі жаппай төбелестің мән-жайы
Шетелдіктермен жаппай төбелес: Қарағанды облысында болған жанжалдың видеосы
"Еңбек жағдайы тең емес": Нұрлан Ноғаев Теңізде болған оқиға жайлы
Қызға жіберген смс себеп болған: "Абу-Даби Плазада" жанжал шықты
Ақтаудағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды – видео
"Құрметтеуі қажет": Назарбаева "Теңіздегі" қақтығысқа пікір білдірді   
Өрт сөндіру көлігі, архивтегі фото

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

403
(Жаңартылды 15:18 19.09.2020)
Оқиғаға куә болған басқа жүргізуші өрт сөндіру көлігі өзін басып озбақ болғанын, алайда сол қанатқа соғылып, содан кейін бірнеше рет аударылып түскенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қайғылы оқиға кеше сағат 19.00 шамасында Батыс Қазақстан облысындағы тас жолда болды, деп хабарлады "Мой город" сайты.

Апат куәгері, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі Жандарбек Ақбасов отбасымен бірге қалаға қарай бара жатқанда өрт сөндіру көлігі басып озбақ болғанын айтты.

"Екі баламмен қалаға қарай бара жатыр едім. Өрт сөндіру көлігі бізді басып озбақ болып, сол қанатқа соғылды. Біз аударылып қала жаздадық, алайда көлікті дер кезінде туралай алдым, ал өрт сөндірушінің көлігі жолдан ұшып кетіп, бірнеше рет аударылды. Қарсы жолда көлік келе жатты-ау деймін, бірақ ол оны күтпесе керек", – деді Жандарбек Ақбасов.

Алматыда бірнеше көлік соқтығысты – оқиға орнында түсірілген видео

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 46 жастағы азаматтық қорғаныс старшинасы апат салдарынан қайтыс болғанын хабарлады. №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Деркөл ауылына бара жатқан. Ол салонда жалғыз болған.

403
Кілт сөздер:
жол апаты, өрт сөндіру көлігі
Тақырып бойынша
Павлодарда мотоциклдің автокөлікпен соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды
Алматыда үш бала мен олардың анасы жол апатына ұшырады
Шығыс Қазақстанда мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті
Елордалық полицейлер жол апатының көбею себебін айтты
Блок бекетте 2 адамды өлтірді деген күдікке ілінген экс-полицей: Есімде ештеңе жоқ  
Кісен, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда шенеунікті ұстау сәтінің видеосы жарияланды

474
Ол орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін пара алу күдігіне ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі астаналық шенеуніктің парамен ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.

"Ол орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін фирма басшысынан 1,4 млн теңге көлемінде пара алу күдігіне ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - дейді тергеуші Данияр Биғайдаров.

Еске сала кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын хабарлаған болатын.

474
Кілт сөздер:
пара, видео, шенеунік, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қаскелеңде тұрғындарға дөрекілік танытқан шенеунік жайлы естідім – Жайылғанова
Алматының денсаулық басқармасын құқық қорғау органдары тексеріп жатыр
Мемлекеттік аппаратты қысқарту: кімді жұмыстан шығаруға болмайды
Облыс әкімінің орынбасары ұсталды – агенттік түсініктеме берді
"Головлев-Кабдушев" қылмыстық тобының мүшелері сотталды