Оқиға

Жындыханадан қашып кетті: жас қызды зорламақ болған күдікті қайдан табылды?

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауруханадан қашып кеткен күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Елордалық тәртіп сақшылары жындыханадан қашып кеткен ер адамды ұстады. Ол зорлық жасады деген күдікке ілінген болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"9 қазан сағат кешкі 22.40-да кешенді жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталды. Ол тергеу изоляторына қамалды. Тексеріс жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Қашып кеткен ер адам танысының үйінде болған.

42 жастағы ер адам 9 қазан күні сағат 12:20-де Жансүгірұлы мен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы медициналық мекемеден қашып кеткен болатын. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 120-бабы ("Зорлау") бойынша күдікке ілінген.

Тағы оқыңыз: "Аузы қанап кетіпті": елордада мектеп жанында ер адам қызға шабуыл жасады

Еске сала кетсек, 5 қыркүйек күні күдікті астанадағы колледж студентін зорламақ болды. Ер адамды сол білім ордасының қызметкері көріп қалып, ұстап алған. Кейін полиция шақырған.

Жаңалықтар
0