Оқиға

Павлодар облысында бірнеше бала уланып қалды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи
Автомобиль скорой помощи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала сыртындағы ауыл мектебінің оқушылары инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты мекемеде тексеріс басталды

ПАВЛОДАР, 11 қазан – Sputnik. Павлодарское ауылындағы мектеп асханасында жеті бала уланып қалды, деп хабарлайды Павлодар Онлайн басылымы.

Ата-аналардың айтуынша, балалар асханада тамақтанған соң, улану белгілері байқалған. Оқушылар облыстық ауруханаға жеткізілді.

№40 мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі Сәуле Шәкібаеваның балалар бәліштен улануы мүмкін деген болжамын айтты. Балаларда улану белгілері түнде байқалды. Ал таңертең ата-аналары жедел жәрдем шақырған.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында келіншек бес баласымен бірге уланып қалды

№40 мектеп директорының орынбасары Елена Минаеваның айтуынша, мектеп әкімшілігі жағдайды бақылауға алған. Ата-аналардың шағымы тексеріліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан соң шешім қабылданады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің қызметкерлері Sputnik Қазақстан тілшісіне балалардың жағдайы қанағаттандырарлық екенін жеткізді.

Жаңалықтар
0