Сөмке, ер адам, архивтегі сурет

"15 минуттан соң жарылады": қарағандылық дәмханаға бомбамен келгенін айтты

846
Жергілікті тұрғын ғимаратты жарамын деп қорқытты. Алайда тексеріс кезінде оның сөмкесінде жарылғыш зат табылған жоқ

АЛМАТЫ, 13 окт — Sputnik. Қарағандының 47 жастағы тұрғыны қаладағы дәмханалардың бірін жарғысы келетінін айтқан. Оқиға жексенбі, 13 қазан күні болды.

"102-ге хабарласқан тұрғындар Ленин көшесіндегі дәмханалардың бірінде ер адам ғимаратты жарамын деп қорқытқанын айтты", - деп хабарлады Қарағанды полиция департаментінде.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Олар ер адамның кім екенін анықтады. Тұрғын сөмкесіндегі бомба 15 минуттан соң жарылатынын айтқан.

Полицейлер ғимаратты қоршап, екі адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Алайда сөмкені тексерген кезде жарылғыш зат табылмады. Бомбаның орнында ер адамның ескі киімі болған.

Тағы оқыңыз: Қазақстан бомба туралы қалжыңдаған ауғандық дипломатты кешірді

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерге жатқызылды.

Оның кінәсі дәлелденсе, 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл (12 миллион 625 мың теңге) немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

846
Кілт сөздер:
дәмхана, Қарағанды, бомба
Тақырып бойынша
Қарағандыда ер адам сауда орталығын жарып жіберемін деп қорқытты
Алматыда Esentay Mall орталығынан адамдар шұғыл эвакуацияланды
Астанада мектепке "бомба қойған" 15 жастағы оқушы ұсталды
Алматыда бірнеше БАҚ-тың редакциясы эвакуацияланды — фото
Петропавлда ойын-сауық орталығына "бомба қойған" кім?
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

1102
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

1102
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті
Сынықтар, архивтегі сурет

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

195
"Жетісай – Шардара" автожолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан, сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды.

Жол апаты 28 мамыр сағат 14:30 шамасында Кетебай ауылының бойында, "Жетісай – Шардара" автожолында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жеңіл көлік – "Нексия" мен "Лада-Vesta" бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "Нексия" жүргізушісі мен екі жолаушы, "Лада-Vesta" көлігінің бір жолаушысы көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео

Оқиға орнында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол жүру немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

195
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты, автокөлік
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

0
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

0
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады