Оқиға

Павлодарда дәретханада кішкентай қыздарға сығалап қараған еркек ұсталды

© AFP 2024 / Sandor GemesЧеловек в наручниках держит официальный документ, фото из архива
Человек в наручниках держит официальный документ, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбекстанның 51 жастағы тұрғыны Павлодардағы дәретханаларда қыздарға сығалап қарады деген күдікке ілінді. Ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПАВЛОДАР, 15 қазан — Sputnik. Павлодардағы сауда орталықтарының дәретханаларында айна мен ұялы телефонын пайдаланып, дәретханаға кірген қыздарға сығалап қараған күдікті ұсталды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Жанна Белялова Sputnik Қазақстан-ға.

12 қазан күні Павлодардағы сауда орталығының дәретханасында ер адам он жасар қызға айнамен сығалаған.

Сейсенбі күні полицейлер вуайеристі ұстады. Ол 1968 жылы туған Өзбекстан азаматы. Павлодардағы мейрамханалардың бірінде аспаз болып қызмет етеді.

"Қылмыстық кодекстің 124-бабы "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны шешіледі", - деп жазылған ведомствоның баспасөз ақпаратында.

Егер ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде заңсыз әрекетке барған ер адамның фотосы тарап кетті. Ол City Centre сауда үйінде жүргенде камераға түсіп қалған. Сол жерде әйелдердің дәретханасында вуайеризммен айналысқан.

Жаңалықтар
0