Өңірлер

Алматыда жаппай апат кезінде науқасты әкеле жатқан "жедел жәрдем" аударылды – фото

© Sputnik / СтрингерСкорая перевернулась в результате ДТП
Скорая перевернулась в результате ДТП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаппай жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті – науқас пен жедел жәрдем фельдшері, сонымен қатар автокөліктердің бірінің жүргізушісі

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Жексенбі күні кешкісін Алматыдағы Құлжа трассасының бойында экобекетке  жетпей, жаппай жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Maxima және Lexus GS300 автокөліктері Құлжа трассасының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Алда кептеліс пайда болып, Maxima тоқтайды. Ал Lexus арнайы жолаққа шығып кетеді, бұл кезде науқас мінген жедел жәрдем көлігі оңтүстік бағытта келе жатқан.

© Sputnik / СтрингерЛексус арнайы жолаққа шығып, жедел жәрдем көлігіне соқтығысты
Алматыда жаппай апат кезінде науқасты әкеле жатқан жедел жәрдем аударылды – фото - Sputnik Қазақстан
Лексус арнайы жолаққа шығып, жедел жәрдем көлігіне соқтығысты

Жедел жәрдем жүргізушісі апатты болдырмауға тырысқан, бірақ қолынан келмеді. Салдарынан Lexus жедел жәрдемге бар жылдамдықпен соқтығысты. Арнайы көлік аударылып қалып, кептелісте тұрған Nissan Maxima көлігін соғып кетті.

© Sputnik / СтрингерЖол апаты салдарынан үш адам зардап шекті
Алматыда жаппай апат кезінде науқасты әкеле жатқан жедел жәрдем аударылды – фото - Sputnik Қазақстан
Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті

Апат салдарынан үш адам зардап шекті: жедел жәрдем көлігінде болған науқас пен фельдшер және Lexus жүргізушісі.

Үшеуі де түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

© Sputnik / СтрингерЖаппай жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып кетті
Алматыда жаппай апат кезінде науқасты әкеле жатқан жедел жәрдем аударылды – фото - Sputnik Қазақстан
Жаппай жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып кетті

Апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері шақыртылды.   

Жаңалықтар
0